Ст. 193 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
193-бап. Мемлекеттік монополия және арнайы құқық
1. Осы Кодексте көзделген тәртіппен енгізілетін, бәсекелестік нарықта қандай да бір тауарды өндіруге, өткізуге және (немесе) сатып алуға мемлекеттің айрықша құқығы мемлекеттік монополия болып табылады.
Бәсекелестік нарықта қандай да бір тауарды өндіруге, өткізуге және (немесе) сатып алуға нарық субъектісінің заңда бекітілетін айрықша немесе артықшылықты құқығы арнайы құқық болып табылады.
2. Мемлекет тауарларды бәсекелестік нарықта өткізу конституциялық құрылыстың, ұлттық қауіпсіздіктің, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, халықтың денсаулығын сақтаудың жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін қызмет салаларында тауарды өндіруге және (немесе) сатуға, сатып алуға немесе оны пайдалануға мемлекеттің айрықша құқығын заңмен бекіту не нарық субъектісіне заңмен арнайы құқық беру арқылы бәсекелестікті шектеуге құқылы.
3. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясын, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын, мемлекеттік техникалық қызметті қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған мемлекеттік кәсіпорын ғана мемлекеттік монополия субъектісі бола алады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалған мемлекеттік кәсіпорын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік арнайы құқық субъектісі бола алады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген талап Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторына, лотерея операторына, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі, бағалы қағаздардың бастапқы нарығында акцияларды орналастырған заңды тұлғаларға, сондай-ақ олармен үлестес тұлғаларға қолданылмайды.
4. Нарық субъектілеріне осы баптың талаптарын бұза отырып, бәсекелес нарықта қандай да бір тауарды өндіруге, өткізуге және (немесе) сатып алуға өзге де айрықша немесе артықшылықты құқықтар беруге тыйым салынады.
5. Монополияға қарсы орган мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастырады және жүргізеді.
6. Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілеріне:
1) тауарларды өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызметті қоспағанда, мемлекеттік монополия, арнайы құқық саласына жатпайтын тауарларды өндіруге;
2) басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иеленуге, сондай-ақ олардың қызметіне өзгеше түрде қатысуға;
3) мемлекеттік монополияға, арнайы құқыққа байланысты құқықтарды басқаға қайта беруге;
4) өндірілетін немесе өткізілетін тауарларға мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен белгілеген бағалардан ерекшеленетін бағаларды белгілеуге тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген шектеулер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, мемлекеттік техникалық қызметке және Тауарларды таңбалау мен қадағалап отырудың бірыңғай операторына қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген шектеулер "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына қолданылмайды.
Дүлей зілзала, эпидемия, эпизоотия кезінде, сондай-ақ негізгі қызметін одан әрі жалғастыруға кедергі келтіретін шектеулер болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісіне негізгі қызметін қайта бастағанға дейінгі кезеңге технологиялық тұрғыдан негізгі қызметіне жақын өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығын береді.
7. Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілері жария мүдделі ұйымдар болып табылады және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес міндеттерді атқарады.
Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілері әрбір қызмет түрі бойынша, оның ішінде технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлері бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізуге міндетті.
8. Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша бекітеді.
10. Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің осы баптың 6-тармағында белгіленген шектеулерді сақтауын бақылауды осы Кодекске сәйкес монополияға қарсы орган жүзеге асырады.
11. Мемлекеттік монополия, арнайы құқық енгізілген кезде мынадай шарттар сақталады:
1) нарық субъектілері осы шешім туралы ол қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде алты ай бұрын хабардар етілуге тиіс;
2) мемлекеттік монополия, арнайы құқық қолданысқа енгізілгеннен кейін алты ай мерзім бойы осы тауарды өндірумен, сатумен айналысқан немесе пайдаланған нарық субъектілері, орындалу мерзімі жоғарыда көрсетілген мерзімнен асатын мәмілелер жасауды қоспағанда, осы тауарды өткізуді жүзеге асыруға құқылы;
3) нарық субъектілеріне мемлекеттік монополияны, арнайы құқықты енгізу нәтижесінде келтірілген залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен өтеледі.
12. Арнайы құқық субъектісі мәртебесінен айыру аталған субъект осы баптың талаптарын күнтізбелік бір жыл ішінде екі және одан да көп рет бұзған немесе ол тауар нарығындағы өзінің монополиялық жағдайын теріс пайдаланған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
13. Монополияға қарсы орган бекітілген кестеге сәйкес мемлекеттік монополияның, арнайы құқықтың жекелеген субъектілерінің қызметіне жыл сайын талдау жүргізеді және есепті жылдан кейінгі жылдың 5 қаңтарынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік монополия, арнайы құқық саласына жатқызылған қызметті бәсекелес ортаға беру жөнінде ұсыныстар жібереді.
Бәсекелес ортаға беру кезінде тиісті тауар нарығында монополиялық жағдайдың туындауына және (немесе) бәсекелестікті шектеуге жол берілмейді.
14. Осы баптың ережелері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өздеріне жүктелген функцияларды жүзеге асыруға ықпал ететін және (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын еншілес ұйымдарының, Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті ұйымның, табиғи монополия субъектілерінің қызметіне қолданылмайды.
Ескерту. 193-бап жаңа редакцияда – ҚР 03.01.2022 № 101-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2023 № 17-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 116-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
18-тарау. БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ
Лучшие юристы





Доброго времени суток!
Нуле совет в ситуации: без предупреждения отстранили от работы бухгалтера, и начали инвентаризацию без неё. Первая проверка была в ее пользу почти на 1.5 млн. Назначили следующую. Без приказа, без подписи, только голосовое уведомление через ватсап. Она не вышла по этой причине на работу, ждала окончание проверок. Через 2,5 недели высылают уведомление о расторжении трудового договора, в связи с проектом. Как быть?
Добрый вечер! Мне оформили страховку во время получения микрокредита в банке, кредит оформлен на 60 дней
, а страховка на 45 дней, почему? Сегодня заканчивается срок страховки, а закрыть кредит я иду завтра, вернут ли мне страховку
По решению суда первой инстанции по гражданским делам от 06.02.2004 года был судебный акт и в 2009 году данный судебный акт был оспорен и в 2017 году переименованный банк по этому решению передает информацию в ТОО "ПКБ", который испортил мою кредитную историю и по сегодняшний день все банки отказывают мне в предоставлении финансовых услуг вот уже в течении 8 лет на все мои заявление в банк просит мне показать квитанцию об оплате банковской задолженности а то, что я показываю справку от Территориального отдела судебных исполнителей ДЮ Жамбылской области и копию договора залога полученные в 2009 году, где на каждом листе стоит штамп банка и подпись юриста их не устраивает и все мои обращение до Верховного суда были отказаны и все как один мотивируют тем, что у меня нету доказательства, а какие им нужны доказательства в своих решениях не указывают а просто отказывают в моем иске
По договору залога были заложены ТНП за время длительного отсутствия Залогодателя в связи с тяжелой и продолжительной болезни Залогодержатель незаконно реализовал все заложенные движимые и недвижимые имущества и вырученные средства присвоил себе а потом данный банк был ликвидирован и активы и обязательства были переданы другому банку и он теперь является владельцем я могу ему предъявит иск в суд о возмещении потерянных моих движимых и недвижимых имуществ
Здравствуйте! Брат был признан недееспособным и был на учете до совершения сделки. И оказывается подарил (договор дарения) квартиру отцу, сделка была совершена в 2011 году, о чем отец молчал. Квартиру продали, либо переоформили на племянницу мачехи. Брата не стало 2 года назад, я отсутствовала в стране, тому есть доказательства. Можно ли признать эту сделку недействительной через суд? Спасибо!
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей