Ст. 235 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
235-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуды мемлекеттiк қолдау
1. Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттiк қолдау: 1) агроөнеркәсiптiк кешен және ауылдық аумақтар саласында кредит берудi дамыту;
2) агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау;
3) ауыл шаруашылығы өнiмiн кепiлдендiрiлген сатып алу бағасы бойынша сатып алу;
4) агроөнеркәсiптiк кешендi техникалық жарақтандыру;
5) агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық-маркетингтiк қамтамасыз ету;
6) агроөнеркәсiптiк кешендi ғылыми, нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз ету және ол үшiн кадрлар даярлау;
7) ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын дамытуға инвестицияларды жүзеге асыру;
8) негiзгi өндiрiстiк құралдарды – ауыл шаруашылығы техникасының паркiн, технологиялық жабдықтарды, ауыл шаруашылығының мал басын жаңартуға арналған жағдайларды ұстап тұратын қаржылық құралдарды қолдану;
9) ауыл шаруашылығына инвестициялар тарту үшiн қажеттi жағдайлар жасау;
10) өнiм экспортын қолдау;
11) салалық ғылымды дамыту және агротехнологиялық бiлiмдi тарату;
12) мемлекеттік қолдаудың өзге де нысандарын ұсыну арқылы жүргізіледі.
2. Ауыл шаруашылығы қызметiн және ауылдық жердегі кәсіпкерлік қызметтің ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлерін жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау республикалық және өңiрлiк деңгейлерде жүргiзiледi және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледi.
3. Ауыл шаруашылығы қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлiкке мемлекеттiк қолдау көрсетудiң мерзiмдерi, көлемi мен шаралары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
Лучшие юристы





Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на [email protected]
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей