Ст. 27 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
27-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттері
Кәсіпкерлік субъектілері: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге;
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы толық және анық ақпарат беруге;
3-1) тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін банктік шотқа қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау кезінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған ағымдағы банктік шотты пайдалануды қамтамасыз етуге;
4) қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруды бастау үшін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат алуға не хабарлама жіберуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға;
6) табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға;
7) табиғи және энергетикалық ресурстарды пайдаланудың және қызметті жүзеге асыру процесінде оларды басқарудың тиімділігін арттыруға;
8) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.12.2021 № 100-VII (01.03.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте у меня было ДТП 19.11.2019 году до этого меня лешили водительские права.Суде меня сделал виновным и страховой компания оплатил пострадавшим машину,теперь сегодня страховой полис отпрвил письмо по стати 28 хотят чтобы я оплатил их расходы что делать?
понятия "отказ от ребенка" нет, признанный отец усыновленного ребенка обязан нести ответственность по его и вашему содержанию, вы вправе предъявить требование об уплате алиментов.
оплата труда в период испытательного срока осуществляется в соответствии с условиями трудового договора, применение надбавки производится, если это прямо предусмотрено в законодательстве в связи с вредными условиями труда, районные коэффициенты, т.п.
Здравствуйте! Используются ли надбавки при оплате труда на испытательном сроке?
Добрый день
в браке усыновили ребенка, теперь разводимся с мужем, он хочет отказаться от сына чтобы не платить алименты, сыну на данный момент 2 года и 3 месяца, усыновивили с рождения. Не подскажете его отказ будет происходить через отдел органов опеки, и мне нужно будет опять собирать документы для того чтобы доказать что я имею возможность на содержание сына
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей