Ст. 28 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
28-бап. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қорғау
1. Коммерциялық құпияны қорғау осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз алуға, таратуға не пайдалануға тыйым салуды білдіреді. 2. Кәсіпкерлік субъектісі коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа еркін қол жеткізу құқығы бар адамдар тобын айқындайды және оның құпиялығын қорғауға шаралар қолданады.
3. Ақпаратты қолжетімділік санаттарына жатқызу тәртібін, коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты сақтау және пайдалану шарттарын кәсіпкерлік субъектісі айқындайды.
4. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қорғау бойынша кәсіпкерлік субъектісі қолданатын шаралар:
1) коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат тізбесін айқындауды;
2) осы ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін және осы тәртіптің сақталуын бақылауды белгілеу арқылы коммерциялық құпияға қол жеткізуді шектеуді;
3) коммерциялық құпияға қолжетімділік алған адамдарды және (немесе) осы ақпарат ұсынылған немесе берілген адамдарды есепке алуды қамтуы мүмкін.
5. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз әдістермен алған, ашқан және (немесе) пайдаланған адамдар келтірілген нұқсанды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуге міндетті.
6. Кәсіпкерлік субъектісі немесе ол уәкілеттік берген адам өз жұмыскерлерінен коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу туралы қолхат талап етуге, ал оны тексеруді жүзеге асыратын адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылық туралы ескертуге құқылы.
7. Міндетті түрде жариялануға не акционерлік қоғам акционерлерінің, шаруашылық серіктестігі қатысушыларының, өндірістік кооператив мүшелерінің немесе өзге де белгілі бір адамдар тобының назарына міндетті түрде жеткізілуге жататын ақпараттың тізбесі Қазақстан Республикасының заңдарында және кәсіпкерлік субъектілерінің құрылтай құжаттарында белгіленеді.
8. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат, соттың заңды күшіне енген шешімі бар ақпаратты немесе осы Кодексте белгіленген өзге де жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісінің келісімінсіз жария етілмейді.
9. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары лауазымдық (қызметтік) міндеттерін орындауына байланысты өздеріне белгілі болған коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты кәсіпкерлік субъектісінің келісімінсіз таратуға және (немесе) пайдалануға құқылы емес.
10. Кәсіпкерлік субъектісі мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға, оларға жүктелген функцияларды іске асыру үшін қажетті ақпараттан басқа, тіркеу, бақылау және қадағалау функцияларын орындау және басқа да әрекеттерді жасау кезінде коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа қолжетімділікті бермеуге құқылы.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
10-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10-1. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектісін меншік құқығында немесе басқа да заңды негізде иеленетін кәсіпкерлік субъектісі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен электрондық ақпараттық ресурстың резервтік көшірмесін электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік сақтаудың бірыңғай платформасына береді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
10-2-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10-2. Квазимемлекеттік сектор субъектісі деректерді басқару талаптарына сәйкес мемлекеттік органдардың қызметті іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін қажетті иесіздендірілген деректерді "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына береді.
11. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз таратқаны және (немесе) пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады, ал осындай тарату және (немесе) пайдалану салдарынан кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген нұқсан Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.
12. Нақты кәсіпкерлік субъектісінің қызметі туралы мәліметтерді ашпайтын, жинақтап қорытылған ақпарат жалпыға қолжетімді болып табылады.
13. Кәсіпкерлік субъектісінің жалпыға қолжетімді ақпаратына мыналар жатады:
1) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы;
2) заңды тұлғаның атауы және тіркелген күні;
3) сәйкестендіру нөмірі;
4) заңды мекенжайы (орналасқан жері);
5) қызмет түрі;
6) басшының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларды қоспағанда, өткізілетін мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы бойынша ақпарат, оның ішінде жоспарлар, хабарландырулар, қатысушылар, қорытындылар, жасалған шарттар, шарттық міндеттемелердің орындалуы және ақы төлеу туралы мәліметтер, сондай-ақ жергілікті қамту бойынша ақпарат.
Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Читать еще раз
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі 67-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (тарату) ҚР Кәсіпкерлік Кодексі 53-бап. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және тарату ҚР Кәсіпкерлік Кодексі 8-бап. Адал бәсекелестікРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей