Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 281 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
281-бап. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың мақсаты

1. Экономиканы дамыту үшiн қолайлы инвестициялық ахуал жасау және қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға, қазақстандық кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға инвестицияларды ынталандыру инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың мақсаты болып табылады. 

2. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау мынадай шаралардың біреуін немесе бірнешеуін беруді білдіреді: 

1) "бір терезе" қағидаты бойынша инвесторларды қолдап отыру; 

2) осы Кодекстің 282-бабында көзделген тәртіппен инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның инвесторға жәрдем көрсетуі; 

3) аумағында инвестордың қызметі жүзеге асырылатын жергілікті атқарушы органдардың инвесторға жәрдем көрсетуі; 

4) инвестор жүзеге асыратын қызмет құзыретіне жататын уәкілетті мемлекеттік органның инвесторға жәрдем көрсетуі; 

5) осы тарауда көзделген инвестициялық преференцияларды беру. 

Пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісім бойынша мемлекеттік преференциялардың түрлері, шарттары және оларды беру тәртібі "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалады. 

3. Осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген мемлекеттік қолдау шаралары инвестордың қарсы міндеттемелерін белгілеу ескеріліп жүзеге асырылады. 

Қарсы міндеттемелер инвестициялық жобада көзделген қызмет түріне қарай: 

егер инвестициялық жобада көзделген қызмет түрі осы Заңмен реттелсе, "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларға сәйкес; 

"Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелмейтін өзге де қызмет түрлері бойынша – инвестициялар тарту жөніндегі саясат саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде белгіленеді. 

Ескерту. 281-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 87-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.07.2025 № 215-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...279 280 281 282 282‑1 ...324

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?


Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.

Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.

2 500 000 теңге бойынша жағдай

Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.

Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:

“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу

Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”

деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.

Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:

190-бап — алаяқтық

194-бап — бопсалау

214-бап — заңсыз өсімқорлық

389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін


көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться