Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 175 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

ҚР Әлеуметтік Кодексі
175-бап. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқық және оны тағайындау шарттары

1. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар жәрдемақы тағайындауға жүгінген уақытқа жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан, мүгедектік белгіленген жағдайда тағайындалады.  

2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiктердің және азаматтығы жоқ адамдардың мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар. 

3. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мүгедектіктің қашан – жұмыс істеу немесе қызмет ету кезеңінде, жұмысқа тұрғанға дейін немесе жұмысты тоқтатқаннан кейін болғанына қарамастан тағайындалады. 

4. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мүгедектік белгіленген күннен бастап, бірақ оны тағайындауға жүгінген күнге дейін немесе "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындауға келісім алған күнге дейін үш айдан аспайтын мерзімге тағайындалады. 

5. Зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа толған мүгедектігі бар адамдарды қайта куәландыру олардың өтініші бойынша ғана жүргізіледі. 

6. Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша бір мезгілде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алуға құқығы бар адамдарға олардың таңдауы бойынша бір жәрдемақы тағайындалады. 

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы немесе асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын адамның өтініші негізінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының бір түрінен екінші түріне ауыстыру өтініш тіркелген күннен бастап жүргізіледі. 

7. Осы Кодекстің 207-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында, 212-бабында белгіленген шарттар болған кезде мүгедектігі бойынша жәрдемақы азаматтың қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасына байланысты зейнетақы төлемдерімен немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерімен ауыстырылуы мүмкін.

Статья 1 ...173 174 175 176 177 ...263

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться