Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 182 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

ҚР Әлеуметтік Кодексі
182-бап. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату

1. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем: 

1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операциялардың болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады; 

2) алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. 

Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алушы болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен және кері қайтып келген адам кету елінде төлем алмаған жағдайда еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем төлеу тоқтатылған күннен бастап, бірақ оны алу үшін жүгінудің алдындағы үш жылдан аспайтын уақытқа қайта басталады. 

Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерге кеткен кезде белгіленген мөлшерде қайта басталады. Егер кеткен кезеңде еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді арттыру жүргізілген болса, оның мөлшері барлық арттыру ескеріліп белгіленеді. 

Кету елінде төлем алынған жағдайда еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелген кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кету кезінде белгіленген мөлшерде жүгінген күннен бастап қайта басталады; 

3) қорғаншы болып табылатын алушының бас бостандығынан айыру түрінде сот тағайындаған қылмыстық жазаны өтеп жатқаны туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем қорғаншы болып тағайындалған адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі;  

4) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап қайта басталады;  

5) еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады; 

6) алушының "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат берілген күннен бастап қайта басталады;  

7) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда қорғаншыны өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем қорғаншы болып тағайындалған адамға немесе қорғаншы мәртебесі қалпына келтірілген адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі; 

8) өтініш берушінің еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін негізсіз айқындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем осы Кодекске сәйкес айқындалған мөлшерде тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады; 

9) медициналық-әлеуметтік сараптамаға анық емес құжаттарды ұсыну және (немесе) сараптамалық қорытындыны негізсіз шығару фактісін анықтау туралы хаттаманы ресімдеу туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем бақылау бойынша қайта куәландырылғанда бұрын шығарылған сараптамалық қорытынды расталған кезде тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады. 

2. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алуға құқық сақталған жағдайда әлеуметтік төлемнің тоқтатыла тұруын туындатқан мән-жайлардың өткенін растайтын, ақпараттық жүйелерден алынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады. 

3. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем:  

1) алушы қайтыс болған жағдайда (оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда) тоқтатылады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушы қайтыс болған айды (оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген айды) қоса алғанда төленеді;  

2) алушының еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау туралы шешім қабылдауға негіз болған анық емес құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуына байланысты тоқтатылады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындалған күннен бастап тоқтатылады;  

3) алушының еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тоқтатуға өтініш беруіне байланысты тоқтатылады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем өтініш берілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады; 

4) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі алушыны еңбекке қабілетті деп тану туралы шешім шығарған жағдайда ол еңбекке қабілетті деп танылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады. 

Ескерту. 182-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 04.07.2023 № 15-VIII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7-параграф. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы

Статья 1 ...180 181 182 183 184 ...263

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться