Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 204 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 26.05.2024

ҚР Әлеуметтік Кодексі
204-бап. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату

1. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, жасына байланысты зейнетақы төлемдері: 

1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, жасына байланысты зейнетақы төлемдері тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады; 

2) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өтуі туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, жасына байланысты зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның, қандастың куәлігі берілген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады; 

3) алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, жасына байланысты зейнетақы төлемдері хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады; 

4) шетелдіктің тұруына ықтиярхат алғанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуы немесе одан шығуы фактісінің анықталғаны туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, жасына байланысты зейнетақы төлемдері тоқтатыла тұрған күннен бастап, бірақ шетелдіктің тұруына ықтиярхат алған күннен кейін қайта басталады; 

5) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге сәйкес тағайындалған зейнетақыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде зейнетақы төлемдерін алу фактісінің анықталғаны туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, жасына байланысты зейнетақы төлемдері шыққан елінде артық есепке жазылған (төленген) зейнетақы сомалары өтелген кезде тоқтатылған күннен бастап қайта басталады. 

2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, жасына байланысты зейнетақы төлемдері ақпараттық жүйелерден алынған, төлемді тоқтата тұруды туындатқан мән-жайлардың өткенін растайтын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде қайта басталады. 

3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, жасына байланысты зейнетақы төлемдері мынадай негіздер бойынша: 

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алушының қайтыс болу фактісі белгіленсе немесе ол хабарсыз кетті деп танылса; 

2) алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кету фактісі белгіленсе; 

3) отставкадағы судьяға өмір бойы ай сайынғы қамтылымды тағайындау (қайта бастау) туралы факт анықталса; 

4) уәкілетті мемлекеттік органның еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауы туралы факт анықталса; 

5) шығу елінің уәкілетті органынан зейнетақы ісіне сұрау салу келіп түссе; 

6) зейнетақы алушының ішкі істер органдарында тіркеуден шығарылғанын растайтын құжат ұсыныла отырып, оның зейнетақы төлеуді тоқтату туралы өтініші келіп түссе; 

7) өтініш берушінің негізсіз тағайындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы фактісі анықталса; 

8) уәкілетті мемлекеттік органның әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болмаған, жұмыстан шығарылған күні еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындатуға құқығы болмаған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында және мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда осындай адамдар қатарынан зейнеткердің зейнеткерлік ісінен жасалған үзінді көшірме негізінде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындаса, тоқтатылады. 

Ескерту. 204-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 04.07.2023 № 15-VIII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-параграф. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі

Статья 1 ...202 203 204 205 206 ...263

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! Подскажите, закон #414 от 13 июля 1999 года у вас на сайте отмечено вчера проверен работает. А мужу сказали никто ничего не знает, только по новому закону назначают пособие. Куда можно обратиться по этому поводу?


Сәлеметсіз бе,32 жастагы ер адам әскери борышын орындап келген болсада қайтадан военкоматқа шақырып жатыр,ол кісі вахтовый методпен жұмыста жүр,қаншалықты занды


Сәлеметсіз бе! Жылжымайтын мүлік саттым(бутик), жарты ақшасын алдым қол хат жазып(нотариуссыз), жарты ақшасын 1айдан соң берем деп бермей қойды. 8 ай болды енді үстімнен арыз жазып ақшамды қайтар деп отыр.


Сәлеметсіз бе! Жылжымайтын мүлік саттым(бутик), жарты ақшасын алдым қол хат жазып(нотариуссыз), жарты ақшасын 1айдан соң берем деп бермей қойды. 8 ай болды енді үстімнен арыз жазып ақшамды қайтар деп отыр. Және ұрлықшы деп жала жапты. Көмектесіңізші қандай құқықтар бар?


Здравствуйте,имеет ли продавец на рынке "Головными уборами"кричат громко вот так-очки, бейсболки чтобы продать свою товар?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться