Ст. 218 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ
ҚР Әлеуметтік Кодексі
218-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша мемлекеттік кепілдік төлемін алу құқығы
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша мемлекеттік кепілдік инфляцияның деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерінде:
1) осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдарға;
2) осы Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында, 221-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдарға қамтамасыз етіледі.
2. Осы Кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген, сондай-ақ 37-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударуды жүзеге асырған адамдарға мемлекет инфляция деңгейін ескере отырып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы жинақтарын алып қойған күннен не зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударған күннен басталатын кезең үшін осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа толғанға дейін жүзеге асырылған нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.
3. Мемлекет осы Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында және 221-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдарға міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан кезден бастап осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа толғанға дейінгі кезең үшін жүзеге асырылған, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде инфляция деңгейін ескере отырып, сақталуына кепілдік береді.
4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша мемлекеттік кепілдік осы Кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген адамдарға зейнетақы жинақтары сомасында төленген міндетті зейнетақы жарналарының сомасына қолданылмайды.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей