Ст. 179 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII
ҚР Әлеуметтік Кодексі
179-бап. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
1. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу: 1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операциялардың болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап қайта басталады;
3) алушыға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы немесе хабарсыз кету фактісі туралы растайтын құжаттың болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
4) ата-ана құқықтарынан айыру немесе оларды шектеу туралы, бала асырап алу туралы шешімді жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалған адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап төленеді. Ата-ана құқықтары қалпына келтірілген кезде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу ата-ана құқықтарын қалпына келтіру немесе шектеудің күшін жою туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап қайта басталады;
5) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда қорғаншыны (қамқоршыны) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалған адамға немесе қорғаншы (қамқоршы) мәртебесі қалпына келтірілген адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап төленеді;
6) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту немесе одан шығу фактісі шетелдіктің тұруға ықтиярхатын алғанға дейін анықталғаны туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап, бірақ шетелдіктің ықтиярхатын алған күннен кейін қайта басталады;
7) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде мүгедектігі бойынша зейнетақы алу фактісінің анықталуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу шығу елінде артық есептелген (төленген) зейнетақы сомалары өтелген кезде тоқтатылған күннен бастап қайта басталады;
8) медициналық-әлеуметтік сараптамаға анық емес құжаттарды ұсыну және (немесе) сараптамалық қорытындыны негізсіз шығару фактісін анықтау туралы хаттама ресімдеу туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу бақылау бойынша қайта куәландырылғанда бұрын шығарылған сараптамалық қорытынды расталған кезде тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады.
2. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу жәрдемақы төлеуді тоқтата тұруды туындатқан мән-жайлардың өткенін растайтын, ақпараттық жүйелерден алынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады.
3. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу:
1) алушының қайтыс болғаны туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер;
2) шығу елінің уәкілетті органынан жәрдемақы алушының ісіне сұрау салу;
3) алушының ішкі істер органдарынан тіркеуден шығарылғанын растайтын құжатты ұсына отырып, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуді тоқтату туралы өтініші;
4) алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кету фактісінің анықталуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер;
5) өтініш берушінің негізсіз тағайындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсыну фактісі анықталғаны туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
6-параграф. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем
Лучшие юристы





И ошибка в названии государства. Кто-то специально сделал. Жаль скрин вложить нельзя.
У вас отражается в интернете "Ресупблики", вместо "Республики", над ссылкой на сайт.
После решения суда 2004 года банк подал сведения в 2017 году в первое кредитное бюро по этому решению и последний в моей кредитной истории указал эту задолженность без дополнительного обращения судебному исполнителю это законно
Добрый день! Подскажите пожалуйста сделали Соглашение о задатке. Но в соглашении указан срок оплаты остальной суммы на момент заключения основного договора купили-продажи, но в срок Задаткополучатель не предоставил договор-купли продажи. Является ли этот срок прекращением этого соглашения? Если да, то Задаткодатель имеет ли право обращаться в суд для возврата оплаченного задатка?
Здравствуйте, если кассация отменила обвинительный приговор и отправило дело на повторное рассмотрение, при это человек отбывает наказание 5 месяцев в Учереждение средней безопасности, должны ли его освободить и есть ли на это сроки установленные законом ?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей