Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 177 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.02.2025

ҚР Әлеуметтік Кодексі
177-бап. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері

1. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып, бюджет қаражаты есебінен ай сайын төленеді. 

2. Осы Кодекстің 176-бабының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген мүгедектігі бар адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мынадай: 

жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі;  

бірінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 2,20 ең төмен күнкөріс деңгейі;  

екінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 1,83 ең төмен күнкөріс деңгейі;  

үшінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі; 

бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,20 ең төмен күнкөріс деңгейі;  

бала кезінен екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,83 ең төмен күнкөріс деңгейі;  

бала кезінен үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі;  

бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,20 ең төмен күнкөріс деңгейі;  

екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,76 ең төмен күнкөріс деңгейі; 

үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,20 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерлерінде тағайындалады. 

3. Осы Кодекстің 176-бабының 3) және 6) тармақшаларында көрсетілген мүгедектігі бар адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мынадай: 

бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 3,22 ең төмен күнкөріс деңгейі; 

екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,75 ең төмен күнкөріс деңгейі; 

үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,31 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады. 

4. Осы Кодекстің 176-бабының 5) тармақшасында көрсетілген мүгедектігі бар адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мынадай: 

бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 3,94 ең төмен күнкөріс деңгейі; 

екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 3,04 ең төмен күнкөріс деңгейі; 

үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,31 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады. 

5. Мүгедектік кезеңінде асыраушысынан айырылған жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері осы Кодекстің 236-бабына сәйкес белгіленген, қайтыс болған асыраушының отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелерінің санына сәйкес келетін асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне ұлғайтылады.  

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қайтыс болған асыраушының асырауында болу фактісіне қарамастан жоғары мөлшерде белгіленеді. 

6. Мүгедектік кезеңінде асыраушысынан айырылған бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері осы Кодекстің 236-бабына сәйкес белгіленген, қайтыс болған асыраушының отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелерінің санына сәйкес келетін асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне ұлғайтылады.  

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы осы Кодекстің 234-бабының талаптарына сәйкес аталған адамдар қайтыс болған асыраушының асырауында болған жағдайда жоғары мөлшерде белгіленеді. 

7. Жұмыс істейтін жәрдемақы алушыларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы толық мөлшерде төленеді.  

8. Егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері мүгедектігі бар адамдардың тиісті санаттары үшін белгіленген мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшерінен аз болса, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бар адамдардың осы санаты үшін белгіленген мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне дейін тиісті қосымша ақылар түрінде жүргізіледі.

Статья 1 ...175 176 177 178 179 ...263

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

В п.1 ст. 446 НК РК на данном ресурсе ссылается на "главу 46 настоящего Кодекса". Как её найти?


Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;


если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?


8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно

нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться