Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 188 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 30.07.2026

ҚР Әлеуметтік Кодексі
188-бап. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы мөлшері

1. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы ай сайын бюджет қаражаты есебінен 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде төленеді. 

2. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

189-бапты алып тастау көзделген – ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

189-бап. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату


1. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу: 

1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операциялардың болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады; 

2) күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен ерте қайта басталмайды; 

3) күтім жасайтын шетел азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың немесе қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматының жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;  

4) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Қорғаншылық (қамқоршылық) құқығы қалпына келтірілген кезде күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу ата-ана құқықтарын қалпына келтіру немесе шектеудің күшін жою туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап қайта басталады; 

5) медициналық-әлеуметтік сараптамаға анық емес құжаттарды ұсыну және (немесе) сараптамалық қорытындыны негізсіз шығару фактісін анықтау туралы хаттаманы ресімдеу туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу бірінші топтағы мүгедектігі бар адам бақылау бойынша қайта куәландырылғанда бұрын берілген сараптамалық қорытынды расталған кезде тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады; 

6) күтім жасайтын адамның немесе бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен басқа мекемеге шығып кетуі; 

7) күтім жасайтын адамды немесе бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің басқа бөлімшесіне ауыстыру туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. 

2. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның өтініші негізінде қайта басталады.  

3. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы төлеуді тоқтатуға:  

1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе күтім жасайтын адамның өтініші;  

2) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе күтім жасайтын адамның қайтыс болуы; 

3) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе күтім жасайтын адамның Қазақстан Республикасының басқа елді мекеніне немесе оның шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі; 

4) мүгедектігі бар адамның мүгедектік тобының өзгеруі;  

5) бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталған адамның немесе оған күтім жасайтын сотталушының қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеу мерзімінің өтуі; 

6) осы Кодекстің 172-бабының 3-тармағында көзделген жағдайлардың анықталуы негіз болып табылады.  

4. Күтім жасайтын адамды ауыстыру бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның өтініші негізінде жүргізіледі. 

Бірінші топтағы мүгедектігі бар адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде болған кезде оған күтім жасайтын адамды ауыстыру оның қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі басшысымен келісуі бойынша жүзеге асырылады. 

Ескерту. 189-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 04.07.2023 № 15-VIII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

14-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫНА БЕРІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

Статья 1 ...186 187 188 189 190 ...263

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться