Ст. 189 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII
ҚР Әлеуметтік Кодексі
189-бап. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
1. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу:
1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операциялардың болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен ерте қайта басталмайды;
3) күтім жасайтын шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжаттың немесе қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
4) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Қорғаншылық (қамқоршылық) құқығы қалпына келтірілген кезде күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу ата-ана құқықтарын қалпына келтіру немесе шектеудің күшін жою туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап қайта басталады;
5) медициналық-әлеуметтік сараптамаға анық емес құжаттарды ұсыну және (немесе) сараптамалық қорытындыны негізсіз шығару фактісін анықтау туралы хаттаманы ресімдеу туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу бірінші топтағы мүгедектігі бар адам бақылау бойынша қайта куәландырылғанда бұрын берілген сараптамалық қорытынды расталған кезде тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
6) күтім жасайтын адамның немесе бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен басқа мекемеге шығып кетуі;
7) күтім жасайтын адамды немесе бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің басқа бөлімшесіне ауыстыру туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады.
2. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның өтініші негізінде қайта басталады.
3. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы төлеуді тоқтатуға:
1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе күтім жасайтын адамның өтініші;
2) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе күтім жасайтын адамның қайтыс болуы;
3) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе күтім жасайтын адамның Қазақстан Республикасының басқа елді мекеніне немесе оның шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі;
4) мүгедектігі бар адамның мүгедектік тобының өзгеруі;
5) бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталған адамның немесе оған күтім жасайтын сотталушының қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеу мерзімінің өтуі;
6) осы Кодекстің 172-бабының 3-тармағында көзделген жағдайлардың анықталуы негіз болып табылады.
4. Күтім жасайтын адамды ауыстыру бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның өтініші негізінде жүргізіледі.
Бірінші топтағы мүгедектігі бар адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде болған кезде оған күтім жасайтын адамды ауыстыру оның қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі басшысымен келісуі бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 189-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 04.07.2023 № 15-VIII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
14-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫНА БЕРІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей