Ст. 195-1 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII
ҚР Әлеуметтік Кодексі
195-1-бап. Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдардың әлеуметтік қорғалу құқығы
1. Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың елу бес жасқа толған және олар үшін жиынтығында кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген кезде мыналардан: 1) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыдан;
2) зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінен;
3) жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемнен;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемінен тұратын арнаулы әлеуметтік төлемге құқығы болады.
Осы тармақта көзделген төлемдерге құқық еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскер еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысқан жағдайда туындайды.
2. Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істемейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың елу бес жасқа толған және олар үшін жиынтығында кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген кезде:
1) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыға;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлеміне құқығы болады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген құқықтар:
"Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-тармақтың үшінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылатын жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді қоспағанда, осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда іске асырылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-тармақты екінші, үшінші бөліктермен толықтыру көзделген – ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4, 5-тармақтармен толықтыру көзделген – ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
195-2-бапты алып тастау көзделген – ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
195-2 бап. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және жүзеге асыру тәртібі
1. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы жүгінген күннен бастап тағайындалады.
Өтініштің және қажетті құжаттардың тіркелген күні немесе "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауға өтініш берушінің келісімін алған күн арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауға жүгінген күн болып есептеледі.
2. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу ағымдағы ай үшін жүзеге асырылады. Алушы қайтыс болған жағдайда арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы – қайтыс болған айды қоса алғанда, ал арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны алушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда кеткен айды қоса алғанда жүзеге асырылады.
3. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Тағайындалған, бірақ арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны алушы талап етпеген сомалар өткен уақытқа, бірақ оларды алуға жүгінген күнге дейін үш жылдан аспайтын уақытқа төленеді.
5. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, оны төлеуді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Әлеуметтік Кодексі 195-5-бап. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату ҚР Әлеуметтік Кодексі 195-3-бап. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақының мөлшері ҚР Әлеуметтік Кодексі 194-бап. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері ҚР Әлеуметтік Кодексі 195-4-бап. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауға арналған өтінішті қабылдаудан және оны тағайындаудан бас тарту ҚР Әлеуметтік Кодексі 50-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беруден бас тартуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей