Ст. 195-3 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII
ҚР Әлеуметтік Кодексі
195-3-бап. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақының мөлшері
Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақының мөлшері ай сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 2,0 ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын құрайды. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруі ескеріле отырып жүзеге асырылады.
195-4 бап. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауға арналған өтінішті қабылдаудан және оны тағайындаудан бас тарту
1. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауға арналған өтінішті қабылдаудан бас тартуға:
1) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыға өтініш беру, оны тағайындау, төлеуді жүзеге асыру немесе "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оны тағайындауға проактивті көрсетілетін қызмет арқылы келісім беру фактісін растайтын мәліметтер алу;
2) жеке басын куәландыратын құжат бойынша мәліметтердің (мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен расталатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны ауыстырудан басқа) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауға қажетті құжаттарға сәйкес келмеуі;
3) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау құқығының болмауы;
4) өтініш берушінің арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы негіз болып табылады.
2. Осы Кодекстің 195-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген шарттарға сәйкес келмеу арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындаудан бас тартуға негіз болып табылады.
195-5 бап. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
1. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу мынадай мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады:
1) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны алушының банктік шоты бойынша үш және одан көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәлімет. Бұл ретте арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу ол тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәлімет. Бұл ретте арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының аумағына тұрақты тұруға келген күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
3) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімінің өтуі туралы мәлімет. Бұл ретте арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат берілген күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
4) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы туралы мәлімет. Бұл ретте арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
5) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны алушының "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы туралы мәлімет. Бұл ретте арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат берілген күннен бастап қайта басталады.
2. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлардың аяқталғанын растайтын, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады.
3. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу:
1) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны алушының қайтыс болғаны туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер;
2) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны алушының ішкі істер органдарында тіркеуден шығарылғанын растайтын құжатты ұсына отырып, арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы төлеуді тоқтату туралы өтініші;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісінің анықталғаны туралы мәліметтер;
4) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны алушының пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу фактісінің анықталғаны туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу осындай төлемді алушы осы Кодекстің 207-бабында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жүзеге асырылады.
15-тарау. ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
1-параграф. Жалпы ережелер
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Если я на испытательном сроке я тоже должна отрабатывать 1 месяц?
Қайда шағымданасыз?
1) Мекеме басшысы мен бас есепшіге — жазбаша түрде
Негіз: 319-бап.
2) Мемлекеттік кірістер басқармасына (МКБ) шағым
Негіз: 319, 320, 683-баптар (салық агентінің міндетін орындамау).
Жаза қолданатын орган — МКБ.
3) Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (егер мекеме мемлекеттік болса)
Негіз: бухгалтерлік есеп нормаларын бұзу.
Ақпарат үшін +77082675787, +77751122089
Суд ошибочно сослался только на ст.29 п.1 ГПК РК (общая подсудность по месту нахождения ответчика) и проигнорировал ст.32 п.8 ГПК РК, которая предоставляет альтернативную подсудность по месту жительства истца для споров, возникающих из трудовых отношений.
Это процессуальная ошибка суда первой инстанции.
Для более подробной информации обратитесь 87751155089, 87082675787
Здравствуйте, подал иск в суд по ст.32 п.8 ГПК РК на работадателя по месту жительства, но районный суд не принял в производство дело мой иск и передал все доки мне в руки приняв расписку , сославшись на ст.29 п.1 ГПК РК не учитывая ст.32 п.8 ГПК РК!
Как дальше обжаловать...!?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей