Ст. 2 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII
ҚР Әлеуметтік Кодексі
2-бап. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекстен басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасы аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
3. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимінің шеңберінде қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғаларға осы Кодекстің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы Кодекске сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінде қойылатын шарттарда көзделген шектерде қолданылады.
5. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы әлеуметтік қорғау туралы заңнамасының сақтандыру ұйымдарына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасының аумағында қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын филиалдарына қолданылады.
6. Қазақстан Республикасының медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы халықты әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында реттелген құқықтық қатынастарға медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары көрсететін қызметтерді сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 04.07.2023 № 15-VIII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
жана матор алган едім алган күннен бастап паддон крышкадан май кетіп бастады, паддон, бакавой крышка, клапнный крышкаданда оны жасап берді бірдеме қылып 14 кун гарантя берген гарантия біткеннен кеиін 9 күннен кеиін матордын суынан пена тәріздес болып кетті мамандар ол блок немесе галовкада трешинна бар дейді ашпадым Алган жеріме барсам гарантя отті бітті ақшасын тоилеисін деиді ол дұрыспа зандылыгы керек еді сотка жүгіндім
Менің бірге жұмыс жасайтын напарницаи еңбек демалысына шықты,маған жалғыз жұмыс жасағаным үшін ақы төленеме?
Сәлеметсізбе,менің ерекше қызым бар,жасы 7де,жолдасыммен ажырасқанмын,Қалалық емханада фармацевт болып жұмыс жасаймын,қызымды күнделікті ақылы оңал у орталығына жұмыстан кейін кешкі уақытта апарамын,8 сағаттық жұмысымды қырқартып алуыма болама
Как быть когда сверху над головой бегает ребенок(сегодня с8.22) и целый день до позднего вечера, и это каждый день. Буквально каждый день
Здравствуйте! В протоколе всё описано верно ,я ехала на разрешающий знак светофора, в меня въехали, ехали на запрещающий знак светофора, но при этом пишут опрашивали меня в качестве нарушителя руководствуясь частью 2 статьи 767 Кодекса РК. нужно ли опротестовать протокол?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей