Ст. 207 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII
ҚР Әлеуметтік Кодексі
207-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау
1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау: 2001 жылғы 1 шілдеден бастап – ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі.
Бұл ретте әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау:
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа толғанда;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жасқа толғанда;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толғанда;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толғанда;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толғанда;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толғанда;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толғанда;
2029 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толғанда;
2030 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толғанда;
2031 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргізіледі.
2. Төтенше және ең жоғары радиациялық қатері бар аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз – 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
1) ерлердің – 50 жасқа толғанда;
2) әйелдердің – 45 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалуына құқығы бар.
3. 5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
4. Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттіктері тоқтатылған, өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьяларына, өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьяларға жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалмайды.
Лучшие юристы





Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей