Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 206 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 07.12.2024

ҚР Әлеуметтік Кодексі
206-бап. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін есептеу

1. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі: 

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 60 пайызы мөлшерінде, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің он жылдан асқан әрбір толық жылы үшін 2 пайызға ұлғайтыла отырып, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 100 пайызынан аспайтын мөлшерде; 

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 65 пайызы мөлшерінде, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің он жылдан асқан әрбір толық жылы үшін 2 пайызға ұлғайтыла отырып, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 105 пайызынан аспайтын мөлшерде; 

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы мөлшерінде, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің он жылдан асқан әрбір толық жылы үшін 2 пайызға ұлғайтыла отырып, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 110 пайызынан аспайтын мөлшерде; 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы мөлшерінде, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің он жылдан асқан әрбір толық жылы үшін 2 пайызға ұлғайтыла отырып, бірақ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 118 пайызынан аспайтын мөлшерде; 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы мөлшерінде, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің он жылдан асқан әрбір толық жылы үшін 2 пайызға ұлғайтыла отырып, бірақ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 120 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі. 

Тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері жыл сайын осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес қайта есептеледі. 

2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін беру кезінде зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне: 

1) осы Кодекстің 208-бабына сәйкес есептелген, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде істеген еңбек өтілі; 

2) міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең; 

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемелеріне 0 түзету коэффициенті қолданылған еңбек, кәсіпкерлік қызмет, қызмет түрлері бойынша жеке практикамен айналысу кезеңдері; 

4) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 51) тармақшасына сәйкес 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 2020 жылғы 1 қазан аралығындағы кірістері жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған қызметті жүзеге асыру кезеңі; 

5) жұмыс істемейтін ананың немесе жұмыс істемейтін әкенің (ол нақты күтімді жүзеге асырған кезде) жас балаларға күтім жасаған, бірақ әрбір бала 3 жасқа толғанға дейін жалпы жиынтығы 12 жыл шегінен аспайтын уақыт; 

6) 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға күтім жасаған уақыт; 

7) әскери қызметтегі, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі кезеңдер; 

8) Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметтері мен халықаралық ұйымдар қызметкерлерінің жұбайы (зайыбы) шетелде тұрған, бірақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезең; 

9) әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері жұбайларының (зайыптарының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде жұбайларымен (зайыптарымен) бірге тұрған, бірақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезең; 

10) "Байқоңыр" кешенінің ресейлік ұйымдарындағы 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек қызметінің кезеңдері; 

11) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған жағдай бойынша төленетін әлеуметтік төлемді алу кезеңдері; 

12) басқа адамның көмегіне мұқтаж бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға, екінші топтағы мүгедектігі бар жалғызбасты адамға және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қарт адамға күтім жасаған уақыт; 

13) осы Кодекстің 248-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдардың еңбек қызметінің кезеңдері есепке жатқызылады. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілген кезеңдер Қорға әлеуметтік аударымдар жүзеге асырылған жағдайда есепке жатқызылады. 

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі жасына байланысты және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алуына қарамастан беріледі. 

3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі бюджет қаражаты есебінен беріледі. 

3-параграф. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері

Статья 1 ...204 205 206 207 208 ...263

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться