Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 239 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

ҚР Әлеуметтік Кодексі
239-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы

1. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы қайтыс болуы туралы куәлікте немесе хабарламада көрсетілген қайтыс болу күнінен бастап не міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, не оны хабарсыз кетті деп тану немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінде көрсетілген күннен бастап туындайды.  

Бұл ретте, егер қайтыс болған асыраушының қайтыс болуы туралы куәлігінде қайтыс болу күнін нақты анықтау мүмкін болмауына байланысты қайтыс болу кезеңі көрсетілсе, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы қайтыс болу кезеңі басталған күннен басталады.  

2. Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асырауында болған отбасының мынадай мүшелері:  

1) он сегіз жасқа толмаған және егер олар он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектігі бар адамдар деп танылса, осы жастан асқан балалардың, оның ішінде асырап алған балалардың, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындалуға және оны алуға құқығы бар. 

Бұл ретте аға-інілері, апа-сіңлілері (қарындастары) мен немерелері – егер олардың еңбекке қабілетті ата-аналары болмаса немесе олар ата-аналарынан алименттер алмайтын болса.  

Осы тармақшада көрсетілген он сегіз жастан асқан: 

академиялық демалыста болу кезеңін қоса алғанда, күндізгі оқу нысаны бойынша жалпы орта, техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша оқитын немесе оқыған адамдардың оқу бітірген уақытқа дейін, бірақ жиырма үш жастан асырмай асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің тағайындалуына және оны алуға құқығы бар; 

бірінші және екінші топтағы бала кезінен мүгедектігі бар адамдар болып табылатын адамдардың мүгедектікті белгілеу мерзіміне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің тағайындалуына және оны алуға құқығы бар;  

2) егер қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушысының үш жасқа толмаған балаларын, бауырларын, апа-сіңлілерін (қарындастарын) немесе немерелерін күтумен айналысатын болса, жасына және еңбекке қабілеттілігіне қарамастан, ата-анасының бірінің немесе жұбайының (зайыбының) не атасының, әжесінің, аға-інісінің немесе апа-сіңлісінің (қарындасының) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің тағайындалуына және оны алуға құқығы бар. 

3. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша тағайындалған әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) әрбір айырылып қалған ата-анасы үшін жүргізіледі.  

4. Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің тағайындалуына және оны алуға құқығы бар отбасының барлық мүшелеріне бір әлеуметтік төлем тағайындалады.  

5. Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшесінің жазбаша өтініші бойынша оның әлеуметтік төлемінің үлесі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен бөлінеді және оған бөлек төленеді.  

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің үлесін бөлу Қорға жүгінген күннен бастап жүргізіледі.  

6. Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерінің саны өзгерген жағдайда Қор уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді қайта есептеу туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар отбасы мүшелерінің санына сәйкес ұлғайтылады немесе азайтылады.  

Егер қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерінің бірі асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемге жүгіну құқығын іске асырмаса, онда ол көрсетілген адамға осы баптың 5-тармағына сәйкес асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем бөлген жағдайда Қорға жүгінген күннен бастап, ал бөлінбеген жағдайда – асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы туындаған күннен бастап тағайындалады. 

7. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға жүгіну:  

он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектігі бар адам деп танылған адамдарды қоспағанда, әлеуметтік төлем тағайындауға жүгінген күні қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған балаларының, оның ішінде асырап алған балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің жиырма үш жасқа толуы; 

жасына және еңбекке қабілеттілігіне қарамастан, ата-анасының бірі немесе жұбайы (зайыбы) не атасы, әжесі, аға-iнiсi немесе апа-сіңлісі (қарындасы) күтумен айналысқан, қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) немесе немерелерінің үш жасқа толуы мерзімінен аспауға тиіс.  

8. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді есептеу үшін қабылданған кезең үшін әлеуметтік аударымдар Қорға оларды тағайындауға жүгінген күннен кейін түскен жағдайда алушыға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін қайта есептеу жүргізілмейді.
Статья 1 ...237 238 239 240 241 ...263

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?


Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться