Ст. 237 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII
ҚР Әлеуметтік Кодексі
237-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу
1. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін жүргізіледі. Алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленеді.
2. Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тұратын және мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі адамдарға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы:
егер тағайындалған жәрдемақы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен болса, осы Кодекстің 236-бабында көзделген мөлшерде;
осы Кодекстің 236-бабына сәйкес тағайындалған жәрдемақы мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен емес мөлшерде төленеді.
Стационар жағдайында психоневрологиялық аурулары бар және мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тұратын адамдарға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы осы Кодекстің 236-бабына сәйкес тағайындалған жәрдемақы мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен емес мөлшерде төленеді.
Тағайындалған жәрдемақы мөлшерінің 70 пайызын аудару жеке банктік шотқа немесе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының қолма-қол ақшаны бақылау шотына жүргізіледі.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының көрсетілген қаражатты пайдалану тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
3. Стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тұратын және мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы толық көлемде төленеді.
4. Алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарынан шыққан жағдайда асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап толық көлемде қайта басталады.
5. Алушы уақтылы талап етпеген асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының есептелген сомасы өткен уақыт үшін, бірақ оларды алуға өтініш берудің алдындағы 3 жылдан аспайтын уақыт үшін төленеді.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Добрый вечер.
Если человек не является собственником квартиры ,(а собственник умер давно и нет наследников)но проживает там уже 7 лет, он затопил квартиру соседей ,кто должен отвечать и на основании какой статьи.
Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.
Добрый день!
Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 185-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе рапортты қабылдау мiндеттiлiгi Гражданский Кодекс РК Статья 200. Условия осуществления имущественных прав государственного предприятия Субсидиялар және өтем шаралары туралы 19-бап. Отандық өндiрушiлердiң атынан берiлген арызды қайтарып алу ҚР Әлеуметтік Кодексі 108-бап. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын ұйымдастыру Уголовно-процессуальный кодекс РК Статья 433. Основания к отмене или изменению приговораРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей