Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 248 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

ҚР Әлеуметтік Кодексі
248-бап. Міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу

1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын агенттер осы Кодексте айқындалатын мөлшерлемелер бойынша төлеуге тиіс. 

2. Міндетті зейнетақы жарналарын: 

1) жұмыскерлер, ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін адамдар;  

2) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын, салық агенттерімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін адамдар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлейді; 

Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың кірістерінен осы Кодексте көзделген тәртіппен ұстайды және төлейді. 

Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді. 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын олар теріс себептермен лауазымынан босатылған жағдайда алып қою және бюджетке аудару қағидаларын уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 

3. Мыналар: 

1) осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар; 

2) егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу осы тармақшада көрсетілген адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады; 

3) әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар; 

4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. 

4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді: 

1) дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа және фермер қожалығының басшылары, олардың он сегіз жасқа толған мүшелері, сондай-ақ өз пайдасына жеке практикамен айналысатын адамдар; 

2) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын, салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар; 

3) Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар өздері дербес жүзеге асырады. 

5. Агенттер еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін, кәсіптері уәкілетті мемлекеттік органдар бекітетін өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлер үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлейді. 

Агент: 

1) осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар үшін; 

2) әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшін; 

3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. 

6. Агенттер, осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскерлер, өзге де ақы төленетін жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлейді. 

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеу (есепке жазу) және аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.  

Агент: 

1) осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар үшін; 

2) егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін; 

3) әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшін; 

4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар үшін;  

5) Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттіктері тоқтатылған, ай сайынғы өмір бойы жабдықталымдарды алатын Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары, ай сайынғы ақшалай жабдықталымдарды алатын отставкадағы судьялар үшін; 

6) 1975 жылғы 1 қаңтарға дейін туған адамдар үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. 

7. Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді. 

8. Міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуге арналған кіріске еңбекке ақы төлеудің ақшалай түрдегі барлық түрлері және өзге де кірістер енгізіледі. 

9. Ұсталған (есептелген) міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Мемлекеттік корпорацияға аударылады. 

Міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді: 

1) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген адамдардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскерлерге, сондай-ақ жеке тұлғаларға төленген кірістерден кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей; 

2) дара кәсіпкерлер (осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген дара кәсіпкерлерден басқа), шаруа және фермер қожалықтары, жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына – есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей; 

3) патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер патент құнын төлеу үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген мерзімде; 

4) Мемлекеттік корпорация – әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылған айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей; 

5) сақтандыру ұйымы – жалақыны (кірісті) жоғалтуға байланысты зиянды өтеу ретінде сақтандыру төлемін жүзеге асырған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей; 

6) осы баптың 4-тармағында аталған тұлғалар – егер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) өзгеше көзделмесе, кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей; 

7) 01.01.2024 дейін қолданыста болды - осы Кодекстің 263-бабымен.

10. Бірыңғай төлемге енгізілген, ұстап қалынған міндетті зейнетақы жарналарының және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын бірыңғай төлемді есептеу (есепке жазу), аудару жөніндегі агенттер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-4-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімде Мемлекеттік корпорацияға аударады. Бірыңғай төлемнің және (немесе) бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындайды. 

11. Осы Кодекстің 256-бабының 1-тармағына сәйкес есепке жазылған міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды төлеудің толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды осы баптың 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеуін қоспағанда, мемлекеттік кіріс органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.  

12. Міндетті зейнетақы жарналары басқа адамдардың пайдасына төленуі мүмкін емес. 

13. Резидент – заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары, өкілдіктері агент ретінде қаралуы мүмкін.

Статья 1 ...246 247 248 249 250 ...263

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?


Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться