Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 249 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 17.07.2024

ҚР Әлеуметтік Кодексі
249-бап. Міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі

1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары: 

1) осы Кодекстің 248-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кірісінің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді. 

Бұл ретте бір агенттен міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кірісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс; 

2) осы Кодекстің 248-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірістің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді. 

Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс деп міндетті зейнетақы жарналары төленбейтін, бірақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен аспайтын кірістерді қоспағанда, адамның әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін өзі дербес айқындайтын алатын кірісі түсініледі. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін айына алынатын кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. 

Егер аталған адамдардың кірісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 1 еселенген мөлшерінен кем болған жағдайда, олар республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 1 еселенген мөлшерінен міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы; 

3) осы Кодекстің 248-бабы 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірістің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді. 

Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс деп міндетті зейнетақы жарналары төленбейтін, бірақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен аспайтын кірістерді қоспағанда, адамның әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін өзі дербес айқындайтын алатын кірісі түсініледі. 

Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін айына алынатын табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс; 

4) 01.01.2024 дейін қолданыста болды - осы Кодекстің 263-бабымен.

2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 89-1-тарауында көрсетілген бірыңғай төлем құрамында міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді таңдаған салық агенттері үшін бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі міндетті зейнетақы жарналарының үлесі: 

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50,0 пайызды; 

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 46,5 пайызды; 

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 42,0 пайызды; 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 40,3 пайызды; 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 38,8 пайызды; 

2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 38,0 пайызды құрайды.

Статья 1 ...247 248 249 250 251 ...263

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Карткожа Шынгыс

Адвокат, обращайтесть всем помогу

+77078325690


Здравствуйте я сделал инвестиции и чтоб получит средства я оплатил гаранта но платеж не прошел нужно оплатить налог по ст 327 пунк 1НК РКтак ли это


Здравствуйте.подскажите пожалуйста!закончил обгон уже в действии знака "обгон запрещен".забрали права и выдали отрывной талон с в котором указано что уклонение без уважительных причин от явки в суд влечет Адм.Отв.в соответствии со ст 513 КОАП РК.какое отношение имеет ст 513 КОАП РК к моему нарушению,и должны ли выдать что либо ещё кроме отрывного талона?заранее благодарю за ответ


Здравствуйте! Операторы кредит + каждый день психологический давят, звонят моему начальству говоря, якобы с финансовой полиции, что я должна оплатить долг дочери. Как мне поступить?


Добрый день. По состоянию здоровья не могу оплатить микрокредит. Но платить не отказываюсь. Жду официального графика. Каждый день пугают операторы этой организации по статье 272ГК РК и 718ГК РК. А так же разглошают мою личную информацию тем или иным контактным или не окнтактным лицам. Подскажите что сдеать.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться