Ст. 26 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII
ҚР Әлеуметтік Кодексі
26-бап. Қордың құқықтары мен міндеттері
1. Қордың: 1) осы Кодексте белгіленген тәртіппен бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына байланысты қызметпен айналысуға;
2) Қордың қызметін қамтамасыз етуге комиссиялық сыйақы алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің субъектілерінен Қордың қызметін қамтамасыз етуге қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
4) Қазақстан Республикасының аумағында филиалдар ашуға;
5) уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, төлеушіге және өтініш берушіге сұрау салу арқылы әлеуметтік төлемдерді тағайындауға, қайта есептеуге, тоқтата тұруға, қайта бастауға, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарауға қажетті құжаттардың (мәліметтердің) анықтығына тексеру жүргізуге;
6) әлеуметтік төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы қабылданған шешімдерді уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен және жағдайларда қайта қарауға;
7) осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Қор:
1) Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруы үшін қаражаттың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;
2) уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен және жағдайларда төлеушіге әлеуметтік аударымдардың артық (қате) төленген сомаларын және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтаруды жүзеге асыруға, сондай-ақ әлеуметтік төлемдердің және олардан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын қайтаруды қамтамасыз етуге;
3) әлеуметтік төлемді тағайындау кезінде сот актілері мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының актілері негізінде заңсыз деп танылған кірістен түскен, бұрын әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау кезінде ескерілген кезең үшін төленген әлеуметтік аударымдардың сомаларын есепке алмауға;
4) Қордың уақытша бос қаражатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы қаржы құралдарына орналастыруға;
5) жылдық қаржылық есептілік аудитін жүргізуді қамтамасыз етуге;
6) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржылық орнықтылығына бес жылда бір рет тәуелсіз актуарлық бағалау жүргізуді қамтамасыз етуге;
7) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың цифрлық жүйелерінен мәліметтер алынған жағдайда, әлеуметтік төлемдерді қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату үшін шешімдердің жобаларын қалыптастыруға;
8) әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату не тағайындаудан бас тарту туралы шешімдер қабылдауға;
9) әлеуметтік төлемдерге деген қажеттілікті есептеу жөніндегі болжамды деректерді қалыптастыруға;
10) график бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін Мемлекеттік корпорацияны күнделікті қаржыландыруды жүргізуге;
11) әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу мәселелері бойынша қажетті түсіндірмелер беруге;
12) Қор активтерін есепке алуды жүзеге асыру үшін бағдарламалық қамтылым түрінде Қордың автоматтандырылған цифрлық жүйесінің болуына, сондай-ақ ақпараттың сақталуы мен санкцияланбаған қол жеткізуден қорғалуын қамтамасыз етуге;
13) ақпаратты сақтауға арналған резервтік орталығы болуына;
14) цифрлық жүйелерден алынған әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдердің сомалары туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
15) Мемлекеттік корпорацияға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сот актілері мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы актілерінің негізінде заңсыз деп танылған кірістен түскен әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпаратты ұсынуға;
16) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпаратты ұсынуға;
17) осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
3. Қор:
1) Қордың активтерін кепілге беруге;
2) кәсіпкерлікпен және осы Кодексте көзделмеген өзге де қызметпен айналысуға құқылы емес.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
I liked how the article draws attention to different aspects of C++ programming, particularly the importance of writing and testing code carefully. Beginners sometimes concentrate too much on getting the correct output and overlook code readability and structure. While exploring help with C++ Assignment work, I have realised that understanding compiler errors and debugging methods is equally important. The discussion of programming fundamentals is relevant because these skills are useful across different coding projects. I am also curious about how students can improve their problem-solving abilities when dealing with lengthy programs. Regular practice with smaller coding exercises seems like a sensible starting point.
я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть
Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Рекомендованные страницы
ҚР Әлеуметтік Кодексі 22-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия ҚР Әлеуметтік Кодексі 28-бап. Қордың активтерін құру ҚР Әлеуметтік Кодексі 30-бап. Қордың активтерін басқару тәртібі ҚР Әлеуметтік Кодексі 63-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар ҚР Әлеуметтік Кодексі 20-бап. Еңбек мобильділігі орталығының құзыретіРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей