Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 40 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2024

ҚР Әлеуметтік Кодексі
40-бап. Міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздері үшін міндетті зейнетақы жарналары енгізілген, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың, зейнетақы төлемдерін алушылардың және агенттердің құқықтары мен міндеттері

1. Міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздері үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың: 

1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсындағы және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталындағы жеке кабинеті арқылы, сондай-ақ Кодекстің 55-бабында және 262-бабының 5-тармағында көзделген ережелерді ескере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жеке жүгінген кезде жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап кез келген сұрату күніне өзінің зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ақы төлемей алуға, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілін өзгертуге; 

2) біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру үшін қолжетімді міндетті зейнетақы жарналары есебінен құралған зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алуға; 

3) инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру үшін қолжетімді зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпарат алуға; 

4) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары туралы ақпарат алуға; 

5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға; 

6) зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға; 

7) өзінің зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өсиет етуге; 

8) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына осы Кодекстің 37-бабы 5-тармағының 3) тармақшасында көзделген сомада зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау туралы өтінішті беруге; 

9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өзінің зейнетақы жинақтарын бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру үшін инвестициялық портфельді басқарушыны өзгерту туралы өтініш беруге (зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға берген күннен бастап бір жылдан кейін); 

10) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға қайтаруға өтініш беруге құқығы бар (зейнетақы жинақтары инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға берілген күннен бастап бір жылдан кейін). 

Егер зейнетақы жинақтары инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау туралы өтінішке сәйкес сол бір инвестициялық портфельді басқарушыға бірнеше рет сенімгерлік басқаруға аударылған болса, онда зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға қайтару зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға бастапқы берген күннен бастап бір жылдан кейін жүзеге асырылады; 

11) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі құжаттарында көзделген өзге де ақпаратты алуға; 

12) өзінің зейнетақы жинақтары есебінен сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға; 

13) ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының нақты сомасынан аспайтын сомада ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру үшін оны таңдау туралы өтінішті бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беруге; 

14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 

2. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары, өздері үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалар және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылар: 

1) зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелерін орындауына әсер ететін барлық өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе Мемлекеттік корпорацияға осындай өзгерістер туралы хабарлауға; 

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.  

3. Өзі үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғада осы Кодекстің 222-бабының 1-тармағында көзделген шарттар болмаған кезде шартты зейнетақы шотында есепке алынатын қаражат осы Кодекстің 57-бабының 4-тармағына сәйкес қалыптастырылған резервтік қорларға жіберіледі. 

4. Агенттердің Мемлекеттік корпорациядан жұмыскерде жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы растауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен алуға құқығы бар. 

5. Агенттер: 

1) міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есептеуге) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге; 

2) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдерін осы Кодекстің 255-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік кіріс органдарына ұсынуға міндетті. 

Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді – осы Кодекстің 263-бабымен (01.01.2024 бастап қолданыста енгізіледі).

Статья 1 ...38 39 40 41 42 ...263

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Возьми справку с курсов, где указано время курсов, и пусть родители напишут заявление в школу, чтобы ты приходил(-а) в школу к 14:30, в связи со кончаемым курсов в 13:хх и можешь после не ходить на 0 урок.


Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные


Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные


Алимент төлеуден бас тартқан жағдайда, қандай жаза қолданылады. Толықтай айтып кетсеңіздер


На данный момент я учусь в 11 классе на территории Республики Казахстан. Так как наша школа находится в аварийном состоянии последние два года, нам пришлось учиться в другой школе в три смены. Уроки проводились по 30 минут в день — с 15:00 до 19:00, поэтому нам добавили занятия в субботу, чтобы закрыть пробелы в учебе.

С середины первой четверти нас перевели в нормальную школу, в которой организовали двухсменное обучение для нашей школы. Тем не менее образование хромает, так как я учусь в гуманитарном классе. Половина класса поступает на юриспруденцию, в том числе и я. Вместо того чтобы проводить урок «Основы права», который является профильным на ЕНТ, у нас добавили урок «Основы бизнеса». Как в такой ситуации мы должны сдавать ЕНТ, если этот профильный предмет у нас банально не преподается?

Большинство учащихся класса ходят на дополнительные курсы и подготовку к ЕНТ, и все уже подстроили свое расписание под уроки с 14:00 до 19:00. Однако совсем недавно, чтобы дети отдыхали в субботу, у нас ввели «нулевой» урок, который проводится каждый день с 13:20.

Лично я физически не успеваю на эти уроки, так как у меня ежедневно курсы, а в некоторые дни — тренировки. Я живу относительно далеко от школы и не успеваю. Но учителей это не волнует. Самый принципиальный из них заставляет нас каждый раз писать объяснительную записку, когда мы пропускаем его «нулевой» урок.

Только вчера я решил посетить «нулевой» урок, кое-как успев, не обедая, но учитель по НВП не пришел, потому что забыл про нас.

Теперь хочу узнать, насколько это законно. Обязан ли я писать объяснительную записку? Какими правовыми актами можно руководствоваться для защиты своих прав?

Заранее спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться