Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 127-3 ҚР Еңбек кодексi 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.06.2025

ҚР Еңбек кодексi
127-3-бап. Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскерлер үшін кепілдіктер

1. Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскерлерге елу бес жасқа толған және олар үшін жиынтығында кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген кезде олар еңбек жағдайлары зиянды жұмыстардағы еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысқан жағдайда жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем жүзеге асырылады. 

2. Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем алу құқығы жүгінген күннен бастап туындайды. 

Жұмыскердің еңбек жағдайлары зиянды жұмыстардағы еңбек қызметін тоқтатуы немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысуы туралы өтініші тіркелген немесе "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыруға оның келісімі алынған күн жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыруға жүгінген күн болып есептеледі. 

3. Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем осындай төлемді алушы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жүзеге асырылады. 

4. Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемнің мөлшері ай сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын құрайды. 

Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруі ескеріле отырып жүзеге асырылады. 

5. Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді ұйымдастыру және жүзеге асыру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүргізіледі. Алушы қайтыс болған жағдайда жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем – қайтыс болған айды қоса алғанда, ал жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді алушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты тұруға кеткен жағдайда кеткен айды қоса алғанда жүзеге асырылады. 

Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді ұйымдастырғаны және жүзеге асырғаны үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қаражаты есебінен жүргізіледі. 

6. Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды. 

Ескерту. 127-3-баппен толықтырылды – ҚР 21.12.2023 № 49-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...127‑1 127‑2 127‑3 128 129 ...204

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?


Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться