Ст. 27 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V
ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
27-бап. Сот бақылауы
1. Сот жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңіл түрiне ауыстыру, сотталған адамның ауруына байланысты жазадан босату, жүктi әйелдердің және жас балалары бар әйелдердiң, жас балаларын жалғыз өзi тәрбиелейтiн ерлердің жазасын өтеуiн кейiнге қалдыру, сондай-ақ мекеменiң түрiн өзгерту туралы мәселелердi шешу кезiнде жазалардың орындалуын бақылайды. 2. Сот сотталғандар мен өзге де адамдардың жазаларды орындайтын мекемелер мен органдар әкімшілігінің әрекеттерiне немесе әрекетсіздігіне шағымдарын қарайды.
3. Жазаларды орындайтын мекемелер мен органдар екі жұмыс күні ішінде үкім шығарған сотқа сотталған адамның қоғамдық жұмыстарды, түзеу жұмыстарын, бас бостандығын шектеуді, қамаққа алуды, бас бостандығынан айыруды өтеуінің басталғаны және орны туралы және белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру, арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградалардан айыру, мүлкiн тәркiлеу түрiндегi жазалардың орындалуы туралы хабарлама жібереді.
Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
несет ли водитель ответственность за перевозимый груз без сопровождающего лица?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей