Ст. 191 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
191-бап. Анықтау нысанында және хаттамалық нысанда жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп-тексеру
1. Осы баптың екінші – он екінші, жиырма бесінші және жиырма алтыншы бөліктерінде көрсетілген құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес және анықтау материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылады. ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 12.06.2026 № 312-VIIІ (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107 (бірінші бөлігінде), 108-1 (екінші бөлігінде), 110 (бірінші бөлігінде), 112, 113, 114 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 117 (екінші бөлігінде), 118 (екінші бөлігінде), 119 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 125-1 (бірінші бөлігінде), 126 (бірінші бөлігінде), 136, 137 (екінші бөлігінде), 139, 140 (үшінші бөлігінде), 142, 143 (бірінші бөлігінде), 146 (бірінші бөлігінде), 147 (төртінші бөлігінде), 153, 158 (екінші бөлігінде), 188 (бірінші бөлігінде), 191 (бірінші бөлігінде), 194 (бірінші бөлігінде), 200 (бірінші бөлігінде), 201 (бірінші бөлігінде), 202 (бірінші бөлігінде), 207 (бірінші бөлігінде), 209 (бірінші бөлігінде), 210 (бірінші бөлігінде), 212 (бірінші бөлігінде), 247 (үшінші бөлігінде), 252 (бірінші бөлігінде), 274 (бірінші бөлігінде), 287 (екінші және үшінші бөліктерінде), 288 (бірінші бөлігінде), 290 (бірінші бөлігінде), 293 (бірінші бөлігінде), 295 (бірінші және екінші бөліктерінде), 299 (бірінші бөлігінде), 299-1, 300 (бірінші бөлігінде), 308 (бірінші бөлігінде), 309 (бірінші бөлігінде), 310 (бірінші бөлігінде), 311, 313, 313-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 314 (бірінші бөлігінде), 315 (бірінші бөлігінде), 316 (үшінші бөлігінде), 319 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 321 (екінші бөлігінде), 322 (бесінші бөлігінде), 334 (бірінші және екінші бөліктерінде), 340 (екінші және үшінші бөліктерінде), 341 (бірінші бөлігінде), 342 (екінші және үшінші бөліктерінде), 345 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 345-1, 346 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 347, 348 (екінші бөлігінде), 349 (екінші бөлігінде), 350 (бірінші бөлігінде), 352-1 (екінші бөлігінде), 357 (бірінші бөлігінде), 358 (екінші бөлігінде), 359 (екінші бөлігінде), 372, 379, 380-3 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 386 (бірінші бөлігінде), 387, 390 (екінші және үшінші бөліктерінде), 398 (үшінші бөлігінде), 399 (бірінші және екінші бөліктерінде), 407 (бірінші бөлігінде), 426 (бірінші бөлігінде), 427, 428 (бірінші бөлігінде), 428-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 430, 431, 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды ішкі істер органдары жүргізеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 (бірінші бөлігінде), 252 (бірінші бөлігінде), 290 (бірінші бөлігінде), 345 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 348 (екінші бөлігінде), 350 (бірінші бөлігінде), 398 (үшінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, егер олар күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тізбесі заңда белгіленген күзетілетін адамдарға тікелей қарсы бағытталған болса, анықтауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі жүргізе алады.
3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214 (бірінші бөлігінде), 214-1 (бірінші бөлігінде), 214-2 (бірінші бөлігінде), 233, 234 (бірінші бөлігінде), 245 (бірінші бөлігінде), 248 (бірінші бөлігінде), 301-1 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды экономикалық тергеу қызметі жүргізеді.
4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 437 (екінші бөлігінде), 439 (бірінші бөлігінде), 440 (2-1 және үшінші бөліктерінде), 441 (бірінші және екінші бөліктерінде), 442 (бірінші бөлігінде), 446 (бірінші бөлігінде), 447 (екінші бөлігінде), 448 (екінші бөлігінде), 449 (екінші бөлігінде), 453 (бірінші бөлігінде), 459 (бірінші және екінші бөліктерінде), 461, 462 (бірінші бөлігінде), 463 (екінші бөлігінде), 466 (екінші және үшінші бөліктерінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылық туралы істер бойынша, сондай-ақ әскери қызметшілер; әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық персоналының адамдары өз қызметтік міндеттерін орындауға байланысты немесе осы бөлімдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде жасаған, осы баптың екінші, үшінші, жетінші – тоғызыншы, он бірінші, он екінші бөліктерінде көрсетілген құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды әскери полиция органдары жүргізеді.
5. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 445-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы, осы баптың төртінші бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған, осы баптың екінші, үшінші, жетінші – тоғызыншы, он бірінші, он екінші бөліктерінде көрсетілген барлық өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдары жүргізеді.
6. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 396-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды шекара қызметінің органдары жүргізеді.
7. Алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
8. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 (бірінші бөлігінде), 190 (бірінші бөлігінде), 217 (бірінші бөлігінде), 217-1 (бірінші бөлігінде), 286 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер органдары немесе экономикалық тергеу қызметі жүргізеді.
Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217 (бірінші бөлігінде), 217-1 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды экономикалық тергеу қызметі жүргізеді.
9. Алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
10. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабында (бірінші және 1-1-бөліктерінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер немесе шекара қызметінің органдары жүргізеді.
11. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385 (бірінші және екінші бөліктерінде)-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдары, экономикалық тергеу қызметі немесе егер олар күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тікелей тізбесі заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы бағытталған болса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі жүргізеді.
11-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 394 (бірінші бөлігінде)-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған Қазақстан Республикасының ішкі істер немесе ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізеді.
12. Алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
13. Осы бапта көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтау құқық қылмыстық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адам белгілі болған кезде жүргізіледі.
14. Анықтау осы тараудың баптарында көзделген алып тастаулар ескеріле отырып, осы Кодексте алдын ала тергеу үшін белгіленген қағидалар бойынша жүргізіледі.
15. Осы баптың он алтыншы – жиырма төртінші бөліктерінде көрсетілген қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша анықтау жүргізу міндетті емес және жиналған материалдар істі сотта қарау үшін негіз болып табылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
16-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 12.06.2026 № 312-VIIІ (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
16. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-1 (бірінші бөлігінде), 109-1, 111, 115, 115-1, 117 (бірінші бөлігінде), 118 (бірінші бөлігінде), 119 (бірінші бөлігінде), 121-1, 137 (бірінші бөлігінде), 138, 140, 145, 150 (1-1-бөлігінде), 152 (бірінші бөлігінде, егер бұл соттың жұмысқа қайта орналастыру туралы шешімін орындамаумен байланысты болса, үшінші бөлігінде), 154, 155 (бірінші бөлігінде), 156 (бірінші және екінші бөліктерінде), 158 (бірінші бөлігінде), 159, 183, 187, 204 (бірінші бөлігінде), 205 (бірінші және екінші бөліктерінде), 206 (бірінші бөлігінде), 208 (бірінші бөлігінде), 211 (бірінші бөлігінде), 213 (бірінші бөлігінде), 247 (бірінші және екінші бөліктерінде), 276 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 294 (бірінші бөлігінде), 295-1 (бірінші бөлігінде), 296 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 301-1 (бірінші бөлігінде), 303 (бірінші бөлігінде), 306 (бірінші бөлігінде), 313-1 (бірінші бөлігінде), 316 (бірінші және екінші бөліктерінде), 317 (бірінші бөлігінде), 320 (бірінші бөлігінде), 322 (бірінші бөлігінде), 325 (бірінші бөлігінде), 326 (бірінші бөлігінде), 328 (бірінші бөлігінде), 331 (екінші бөлігінде), 336, 340 (бірінші бөлігінде), 342 (бірінші бөлігінде), 345 (бірінші бөлігінде), 349 (бірінші бөлігінде), 351 (бірінші бөлігінде), 352-1 (бірінші бөлігінде), 354 (бірінші бөлігінде), 356 (бірінші бөлігінде), 357 (екінші бөлігінде), 358 (бірінші бөлігінде), 359 (бірінші бөлігінде), 376 (бірінші бөлігінде), 381, 383, 384, 389 (бірінші және екінші бөліктерінде), 391, 395, 397, 398 (бірінші және екінші бөліктерінде), 400, 402 (бірінші бөлігінде), 403, 406, 407 (екінші бөлігінде), 410, 436-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ішкі істер органдары жүргізеді.
17. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 222, 225, 226 (бірінші бөлігінде), 227, 228 (бірінші бөлігінде), 229 (бірінші бөлігінде), 230 (бірінші бөлігінде), 236 (бірінші бөлігінде), 239 (бірінші бөлігінде), 242, 243 (екінші бөлігінде), 246-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді экономикалық тергеу қызметі жүргізеді.
18. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 186 (бірінші бөлігінде), 458 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары жүргізеді.
19. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 195 (бірінші және екінші бөліктерінде), 196 (бірінші және екінші бөліктерінде), 198 (екінші бөлігінде), 199 (екінші бөлігінде), 232-1 (бірінші бөлігінде), 233-1 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ішкі істер органдары не экономикалық тергеу қызметі жүргізеді.
19-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 363, 370-2 (бірінші бөлігінде), 414 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ішкі істер органдары не ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізеді.
19-2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары немесе экономикалық тергеу қызметі жүргізеді.
20. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 437 (бірінші және бесінші бөліктерінде), 438 (бірінші бөлігінде), 440 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443(бірінші бөлігінде), 447 (бірінші бөлігінде), 448 (бірінші бөлігінде), 449 (бірінші бөлігінде), 460, 463 (бірінші бөлігінде), 466 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша, сондай-ақ әскери қызметшілер; әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық персоналының адамдары өз қызметтік міндеттерін орындауға байланысты немесе осы бөлімдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде жасаған, осы баптың он алтыншы, он жетінші, он тоғызыншы, жиырма екінші – жиырма төртінші бөліктерінде көрсетілген істер бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді әскери полиция органдары жүргізеді.
21. Осы баптың жиырмасыншы бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған, олар бойынша анықтау жүргізу міндетті емес және жиналған материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылатын барлық өзге де қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдары жүргізеді.
22. Алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
23. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 269-1 (бірінші бөлігінде), 287 (бірінші бөлігінде), 345 (бірінші бөлігінде), 348 (бірінші бөлігінде), 352-1 (бірінші бөлігінде), 353 (бірінші бөлігінде), 378, 382 (бірінші бөлігінде), 390 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ішкі істер органы не егер олар күзету іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тікелей тізбесі заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы бағытталған болса, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі жүргізеді.
24. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385 (үшінші бөлігінде)-бабында көзделген қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдары, экономикалық тергеу қызметі не егер ол күзету іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тізбесі заңда белгіленген күзетілетін адамдарға тікелей қарсы бағытталған болса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі жүргізеді.
25. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары анықтауды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жүргізеді.
26. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 204-бабында (екінші бөлігінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер органдары немесе мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жүргізеді.
Ескерту. 191-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.05.2020 № 321-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 98-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 139-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 186-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2024 № 72-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2024 № 74-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 111-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 113-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2025 № 175-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2026 № 252-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2026 № 312-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 189-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысандары ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 192-1-бап. Анықтау барысында дәлелденуге жататын мән-жайлар ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 188-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзiлетiн жер ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 187-бап. Тергеулік ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 192-2-бап. Айыптау хаттамасын жасау және қылмыстық істі сотқа жіберу үшін прокурорға беруРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей