Ст. 197 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
197-бап. Тергеу әрекеттерін жүргізудің жалпы қағидалары
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам заңда көзделген тергеу әрекеттеріне қатысуға адамдарды тарта отырып, олардың жеке басына көз жеткізеді, оларға құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ тергеу әрекетін жүргізу тәртібін түсіндіреді.
2. Кейінге қалдырылмайтын жағдайларды қоспағанда, тергеу әрекетін түнгі уақытта жүргізуге жол берілмейді.
3. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдар қолданылуы және қылмыстық құқық бұзушылықтың іздері мен заттай дәлелдемелерді анықтаудың, тіркеу мен алудың ғылыми негізделген тәсілдері пайдаланылуы мүмкін.
4. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде азаптауға, зорлық-зомбылық көрсетуге, қорқытуға және өзге де заңсыз шараларды, қатыгез қарым-қатынасты қолдануға, сол сияқты оған қатысатын адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруге жол берілмейді.
5. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тергеу әрекеттеріне қылмыстық қудалау органының басқа да қызметкерлерін тартуға құқылы.
6. Осы Кодекстің 255-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, 220-бабының он үшінші және он төртінші бөліктерінде, 252-бабында, 254-бабының төртінші бөлігінде, 255-бабында көзделген тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде куәгерлерді тарту міндетті болады.
Қалған жағдайларда тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде олардың барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдар міндетті түрде қолданылады.
Ғылыми-техникалық тіркеу құралдары болмаған немесе оларды қолдану мүмкін болмаған жағдайда, тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде куәгерлер тартылады.
Әрекеттердің барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдарды қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры тиісті мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.
7. Кәмелетке толмағанның қатысуымен тергеу әрекетін жүргізу кезінде оның заңды өкілдері қатысуға құқылы, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда педагог және (немесе) психолог тартылады.
Ескерту. 197-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
I liked how the article draws attention to different aspects of C++ programming, particularly the importance of writing and testing code carefully. Beginners sometimes concentrate too much on getting the correct output and overlook code readability and structure. While exploring help with C++ Assignment work, I have realised that understanding compiler errors and debugging methods is equally important. The discussion of programming fundamentals is relevant because these skills are useful across different coding projects. I am also curious about how students can improve their problem-solving abilities when dealing with lengthy programs. Regular practice with smaller coding exercises seems like a sensible starting point.
я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть
Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Читать еще раз
Құқық қорғау қызметi туралы 59-бап. Атыс қаруын және өзге де қаруды, арнаулы құралдарды және дене күшін қолданудың мақсаты ҚР Азаматтық процестік кодексі 11-бап. Меншікке қол сұғылмаушылықРекомендованные страницы
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 58-бап. Прокурор ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 200-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсыну ҚР Қылмыстық Кодексi 188-бап. Ұрлық ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 203-бап. Күдіктінің іс-әрекетінің саралануын айқындауРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей