Ст. 217 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
217-бап. Тергеу судьясының жәбірленушіден, куәдан жауап алу ерекшеліктері (айғақтарды сақтауға қою)
1. Прокурор, тергеуші, анықтау органының бастығы, қорғалуға құқығы бар куә, күдікті, іске қорғаушы ретінде қатысатын адвокат, сондай-ақ жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокат, егер жәбірленуші, куә болып табылатын адамнан сотқа дейінгі тергеп-тексеру не сот отырысы барысында неғұрлым кешірек жауап алу объективті себептерге (Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұруы, шетелге шығуы, денсаулығының ауыр жағдайы, қауіпсіздік шараларын қолдану) байланысты мүмкін болмауы ықтимал деп пайымдауға негіз болған жағдайда, сондай-ақ психикасын жарақаттаушы әсер етуді болдырмау үшін кәмелетке толмаған куәлар мен жәбірленушілерден кейіннен жауап алуды болдырмау мақсатында тергеу судьясының олардан жауап алуы туралы өтінішхат беруге құқылы.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жолданымға қылмыстық істің жәбірленушінің, куәнің айғақтарын сақтауға қою қажеттігін растайтын материалдарын қоса береді.
2. Тергеу судьясы өтінішхатты алынған кезінен бастап жиырма төрт сағат ішінде қарайды және оның нәтижелері бойынша өтінішхатты қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы уәжді қаулы шығарады. Өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда, тергеу судьясы алғаш мүмкіндік болған кезде жауап алу уақытын тағайындайды, бұл туралы прокурорға, қорғалуға құқығы бар куәға, күдіктіге және іске қорғаушы ретінде қатысатын адвокатқа, сондай-ақ жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокатқа хабарланады. Тергеу судьясының өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулысына осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалады және осы қаулы прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралады. Тергеу судьясының өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуы айғақтарды сақтауға қою туралы өтінішхатты сотқа жіберу үшін негіздердің бар екенін көрсететін мән-жайлар туындаған жағдайда, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың қайтадан жүгінуіне кедергі болмайды. Кәмелетке толмағандардың айғақтарын сақтауға қою туралы өтінішхат міндетті түрде қанағаттандыруға жатады.
3. Тергеу судьясының жәбiрленушi мен куәдан жауап алуы прокурордың, қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің (ол болған жағдайда), қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың, ал қажет болған жағдайларда процеске басқа да қатысушылардың қатысуымен жүргiзiледi. Егер қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің жауап алуға қатысуы жәбірленушінің, куәнің қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса, олар жауап алуға шақырылмайды. Айғақтарды сақтауға қою кезiнде адамдардың сот отырысына қатысу үшiн келуiн қамтамасыз ету тергеу судьясына өтiнiш мәлімдеген адамдарға жүктеледi. Егер қорғалуға құқығы бар куәнің жауап алуға шақырылуы қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан жасырын тергеу іс-шаралары туралы ақпараттың ашылу қаупін туғызса, ол жауап алуға шақырылмайды. Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің қорғаушысы адамды шақыру үшiн тергеу судьясына адамның жауап алуға келуiн қамтамасыз етуге көмек көрсету туралы өтiнiш мәлімдеуі мүмкiн.
Прокурордың, қорғаушының, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың, күдіктінің дәлелді себептер бойынша келмей қалуына байланысты жауап алуды жүргізу, егер осы баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында санамаланған мән-жайлар бұған кедергі келтірмесе, кейінге қалдырылуы мүмкін.
ҚР Конституциялық Сотының 22.05.2023 № 15 нормативтік қаулысымен осы кодекстің 217-бабының үшінші бөлігі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.
4. Тергеу судьясының жауап алуы мен жауап алу хаттамасын жүргізуі осы Кодекстің 347, 369, 370, 371-баптарының қағидалары сақтала отырып жүргізіледі.
5. Жауап алынатын адамның тергеу судьясы сақтауға қойған айғақтары тiркелген сот отырысының хаттамасына судья мен сот отырысының хатшысы қол қояды. Айғақтарды сақтауға қою кезiнде болған процеске қатысушылар сот отырысы хаттамасының көшiрмесiн алуға және оған қол қойылғаннан кейін бес тәулік ішінде өз ескертулерін келтiруге құқылы. Тергеу судьясы хаттамаға ескертулерді келіп түскен күні қарап, олардың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы қаулы шығарады. Содан соң сот отырысының хаттамасы, егер хаттамаға ескертулер келтiрiлген болса, осы ескертулер және судьяның оларды қарау туралы қаулысы қылмыстық iс материалдарына қосып тiгу үшiн сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға жiберiледi.
Ескерту. 217-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
если моя бабушка родился в 1967 году ему исполняется 61 год на 2028 году теперь вопрос когда она выйдет на пенсию на 2028 году или на 2029 году
Если у ребенка до 16 лет уже есть паспорт РК, должен ли паспорт родителя подтверждать его гражданство
РАГС вообще не хочет исполнять свою работу как надо. Не позволяют мне сменить фамилию из-за "отсутствия уважительной причины", хотя в законе прописано что неблагозвучность является основанием для перемены. В суд на них давно не подавали, ничего, исправим.
Пидарасы одним словом. Даже уехать спокойно не дадут. В миграционной никто не информирует, а потом начинают крепить на границе за « второе гражданство» Черти
Нет, не имеет права ставить договор “исполнен”, если оплата поставщику не произведена.
Основание: п. 9 ст. 17 Закона РК “О государственных закупках”: договор считается исполненным только при полном выполнении заказчиком и поставщиком принятых обязательств. Оплата — это обязательство заказчика
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей