Ст. 272-1 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
272-1-бап. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың сот сараптамасын жүргізу туралы сұрау салуы
1. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың сұрау салуы негізінде осы Кодекстің 122-бабы үшінші бөлігінің 3) тармағында көзделген тәртіппен сот сараптамасын жүргізу қылмыстық процесті жүргізетін органнан зерттеу объектілерін талап ету қажет болмаған жағдайда жүргізіледі. 2. Сұрау салуда: адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның нөмірі, сараптаманы тағайындау уақыты, орны; сараптама түрі; сараптама тағайындау үшін негіздер; сараптамаға жіберілетін объектілер және олардың шығу тегі туралы ақпарат, сондай-ақ зерттеу барысында көрсетілген объектілерді ықтимал толық немесе ішінара жоюға, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге рұқсат; ол сот сараптамасын жүргізуді тапсыруға ниет білдірген сот сараптамасы органының, ұйымының атауы және (немесе) адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі.
3. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың сот сараптамасын жүргізу туралы сұрау салуын жіберу туралы қылмыстық процесті жүргізетін адам бір мезгілде хабардар етіледі, ол сарапшыға қарсылық білдіруге осы Кодекстің 93-бабында көзделген негіздердің бар-жоғын тексереді, сондай-ақ қажет болған кезде сарапшыға қосымша сұрақтар жібереді.
4. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокат сарапшыға сот сараптамасын жүргізу туралы сұрау салуды және сараптама объектілерін табыс етеді, оған осы Кодекстің 79-бабында көзделген құқықтар мен міндеттерді түсіндіреді және қолхат ала отырып, көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді.
Көрсетілген қолхат қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың хаты негізінде қылмыстық іс материалдарына қоса тігіледі. Сарапшының арыздары, өтінішхаттары және оларды қабылдамау уәждері де осылайша қоса тіркеледі.
5. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың сұрау салуы негізінде берілген сарапшы қорытындысы екі данада жасалады, оның біреуі – қылмыстық процесті жүргізетін адамға, екіншісі сот сараптамасын жүргізу туралы сұрау салудың бастамашысына жіберіледі.
6. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың сұрау салуы бойынша сот сараптамасын жүргізу кезінде оны жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу, сондай-ақ сарапшының еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 21-тарауының қағидалары бойынша жүргізіледі. Шығыстарды өтеу өзінің мүдделерінде сот сараптамасы жүргізілген адамға жүктеледі.
Ескерту. 272-1-баппен толықтырылды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Здравствуйте ! Можно ли отозвать работника из очередного оплачиваемого отпуска день в день?
Здравствуйте, можно ли в одном свидетельстве о наследстве указать все виды имущества: квартиры, машины, счета? Или на каждое имущество обязательно должно быть отдельное свидетельство?
Добрый день, на основе ст 87 ТК РК и п 6.: отпуск на постановку на медицинский учет по беременности до двенадцати недель в количестве не менее трех рабочих дней, могу ли я запросить отпуск после 12 недель, чтобы пройти обследование у узких специалистов, требующих свое заключение на постановку на учет по беременности? И могу ли оформить социальный отпуск раздельно по 1 дню в дни записи к врачам?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей