Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 32 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
32-бап. Жекеше, жекеше-жариялы және жариялы қудалау және айыптау iстерi

1. Жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына және ауырлығына қарай қылмыстық қудалау мен сотта айыптау жекеше, жекеше-жариялы және жариялы тәртіппен жүзеге асырылады. 

2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 114 (бірінші және екінші бөліктерінде), 123 (бірінші бөлігінде), 131, 147 (бірінші және екінші бөліктерінде), 149 (бірінші бөлігінде), 150 (бірінші бөлігінде), 198 (бірінші бөлігінде), 199(бірінші бөлігінде), 321 (бірінші бөлігінде)-баптарында, сондай-ақ осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 152-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер жекеше айыптау iстерi болып есептеледі. Осы істер бойынша іс жүргізу жәбiрленушiнiң шағымы бойынша ғана басталады және оның айыпталушымен, сотталушымен татуласуына орай тоқтатылуға жатады. 

3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-1 (бірінші бөлігінде), 109-1 (бірінші бөлігінде), 110 (бірінші бөлігінде), 115, 115-1, 120 (бірінші бөлігінде), 121 (бірінші бөлігінде), 121-1, 125-1 (бірінші бөлігінде), 126 (бірінші бөлігінде), 138, 139, 145, 148 (бірінші бөлігінде), 152 (үшінші бөлігінде), 153 (бірінші бөлігінде), 154, 155 (бірінші бөлігінде), 157 (бірінші бөлігінде), 158 (бірінші бөлігінде), 159, 187, 189 (бірінші және екінші бөліктерінде), 190 (бірінші бөлігінде), 195 (бірінші бөлігінде), 198(екінші бөлігінде), 199 (екінші бөлігінде), 201 (бірінші бөлігінде), 202 (бірінші бөлігінде), 204, 205 (бірінші бөлігінде), 206 (бірінші бөлігінде), 207 (бірінші бөлігінде), 208 (бірінші бөлігінде), 209(бірінші бөлігінде), 211 (бірінші бөлігінде), 223, (бірінші және екінші бөліктерінде), 248 (бірінші бөлігінде), 250, 251 (бірінші бөлігінде), 317 (бірінші бөлігінде), 319 (бірінші және екінші бөліктерінде),321 (екінші бөлігінде), 345 (бірінші бөлігінде), 389(бірінші бөлігінде)-баптарында, сондай-ақ, егер бұл соттың жұмысқа қайта орналастыру туралы шешімін орындамаумен байланысты болса, 152 (бірінші бөлігінде)-бапта көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер жекеше-жариялы айыптау iстері болып есептеледі. Осы істер бойынша іс жүргізу жәбiрленушiнiң шағымы бойынша ғана басталады және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 68-бабында көзделген жағдайларда ғана жәбiрленушiнiң күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен татуласуына орай тоқтатылуға жатады. 

4. Прокурор жекеше және жекеше-жариялы айыптау ісі бойынша және іс-әрекет дәрменсіз немесе тәуелді күйдегі не басқа да себептермен өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамның мүдделерін қозғаса, жәбірленушінің шағымы болмаған кезде не қоғамның немесе мемлекеттің мүдделері қозғалатын жекеше-жариялы айыптау ісі бойынша іс жүргізуді бастайды не жалғастырады. 

5. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелгеннен және кезек күттірмейтін тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін жәбірленушінің шағымы болмаған кезде жекеше және жекеше-жариялы айыптау және қудалау істері бойынша іс жүргізу хабар тіркелген кезден бастап үш тәуліктен кешіктірмей осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 5) тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылуға жатады. 

6. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілгендерді қоспағанда, қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер жариялы айыптау iстерi болып есептеледі. Бұл iстер бойынша қылмыстық қудалау жәбiрленушiнiң шағым бергеніне-бермегеніне қарамастан жүзеге асырылады. 

Ескерту. 32-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2024 № 72-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2024 № 74-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 113-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...30 31 32 33 34 ...674

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться