Ст. 475 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
475-бап. Үкiмнiң орындалуын кейiнге қалдыру, мерзімін ұзарту
Ескерту. 475-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 1. Адамды қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тартуға, оның бас бостандығын шектеуге немесе оны бас бостандығынан айыруға соттау туралы үкiмдi орындау мынадай негiздердiң бiрi болған кезде:
1) сотталған адамның жазаны өтеуге кедергi келтiретiн ауыр науқасы болса – ол сауығып кеткенге дейiн;
2) сотталған әйел жүктi болса, сотталған әйелдің жас баласы болса немесе оны тәрбиелеп отырса және жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркекке қатысты – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 74-бабында көзделген тәртiппен;
3) сотталған адам немесе оның отбасы үшiн жазаны дереу өтеу – өрт немесе өзгедей дүлей зілзала, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесiнiң ауыр науқасы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше жағдайлардың салдарынан ауыр салдарға әкеп соғуы мүмкiн болса, сот белгiлеген, бірақ алты айдан аспайтын мерзiмге, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 76-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарға қатысты үш айдан аспайтын мерзiмге кейiнге қалдырылуы мүмкiн.
2. Соттың үкімі бойынша сотталған адамнан өндіріліп алуға жататын айыппұлды, өзгедей сомаларды төлеу, егер оны дереу төлеу сотталған адам үшiн мүмкiн болмаса, бір жылға дейінгі мерзiмге кейiнге қалдырылуы немесе ұзартылуы мүмкін.
3. Егер сот үкімді шығарған кезде үкімнің орындалуын кейінге қалдыру туралы мәселені шешпеген болса, оны үкімді шығарған сот немесе қызмет ауданында үкім орындауға келтірілетін сот сотталған адамның, оның заңды өкiлiнiң, жақын туыстарының, қорғаушысының өтiнiшхаты бойынша не прокурордың немесе үкімді орындау жүктелген органның ұсынуы бойынша шешедi.
Үкімді қосымша жаза бөлігінде орындауды кейінге қалдыруға жол берілмейді.
Ескерту. 475-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей