Ст. 498-4 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
498-4-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау
1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауды өткізу уақыты мен орны туралы тараптар хабардар етіледі.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауы ақылға қонымды мерзімде жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бағынысты прокурорларының қатысуы міндетті.
4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты осы Кодекстің 498-1-бабында көзделген негіздер анықталған жағдайда мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) кассациялық сатыдағы соттың қаулысын өзгеріссіз қалдырады;
2) апелляциялық сатыдағы қаулыны немесе үкімді немесе бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырып немесе оның күшін жойып, кассациялық сатыдағы соттың қаулысын өзгертеді;
3) соттың үкімін өзгертіп немесе өзгеріссіз қалдырып, кассациялық және апелляциялық сатылардағы соттар қаулыларының күшін жояды;
4) кассациялық сатыдағы сот қаулысының күшін жояды және істі кассациялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жібереді;
5) кассациялық сатыдағы сот қаулысының, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы қаулы мен үкімнің және бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жояды және істі тоқтатады.
5. Қылмыстық іс тоқтатылған не бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындалған кезде күзетпен ұсталып отырған сотталған адам дереу босатылуға жатады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жазаны орындайтын мекемеге немесе органға сот қаулысының көшірмесін оны орындау үшін дереу жібереді.
6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулысы жария етілген күнінен бастап заңды күшіне енеді және түпкілікті болып табылады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулыда баяндалған процестік әрекеттерді жасау қажеттілігі туралы нұсқаулары іс жаңадан қарауға жіберілген кезде кассациялық сатыдағы сот үшін міндетті болып табылады.
53-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУДІ ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН
МӘН-ЖАЙЛАР БОЙЫНША ҚАЙТА БАСТАУ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 498-2-бап. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты судьясының ұсынуын енгізу ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 498-1-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қайта қарауының негіздері ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 500-бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралуға жататын қылмыстық iстер бойынша сот шешiмдерi ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 502-бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау тәртібі ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 501-бап. Iс жүргiзудi қайта бастау мерзiмдерiРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей