Ст. 566 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
566-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қарау
1. Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қарау нәтижелері бойынша: 1) оның орындалуын сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына, прокуратураға немесе сотқа тапсыруға;
2) сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) шет мемлекеттің процестік заңнамасының нормаларын қолдана отырып орындау мүмкіндігіне;
3) егер бұл Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық іс жүргізуге кедергі келтіретін болса, сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындауды кейінге қалдыруға;
4) сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындаудан осы Кодекстің 569-бабында көзделген негіздер бойынша бас тартуға;
5) егер сұрау салуды орындаудың шығыстары қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зияннан айқын түрде асатын немесе қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына айқын жауап бермейтін болса, егер бұл Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының ережелеріне қайшы келмесе, осы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау мүмкіндігіне қатысты шешім қабылдайды.
2. Сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қанағаттандыру туралы шешім қабылданған жағдайда, Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау үшін Қазақстан Республикасының құзыретті органына жібереді. Халықаралық шартта көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының орталық органы құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау кезінде сұрау салушы тараптың құзыретті органы өкілінің қатысуына қатысты шешімді де қабылдайды.
3. Тиісті прокурор өз өкілеттіктерінің шегінде құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салудың (тапсырманың, өтінішхаттың) тиісінше, толық және уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге қатысты нұсқау беруге құқылы. Прокурордың берген нұсқаулары Қазақстан Республикасының тиісті құзыретті органының орындауы үшін міндетті болып табылады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Здравствуйте ! Можно ли отозвать работника из очередного оплачиваемого отпуска день в день?
Здравствуйте, можно ли в одном свидетельстве о наследстве указать все виды имущества: квартиры, машины, счета? Или на каждое имущество обязательно должно быть отдельное свидетельство?
Добрый день, на основе ст 87 ТК РК и п 6.: отпуск на постановку на медицинский учет по беременности до двенадцати недель в количестве не менее трех рабочих дней, могу ли я запросить отпуск после 12 недель, чтобы пройти обследование у узких специалистов, требующих свое заключение на постановку на учет по беременности? И могу ли оформить социальный отпуск раздельно по 1 дню в дни записи к врачам?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей