Ст. 590 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
590-бап. Адамды ұстап беруден (экстрадициялаудан)бас тарту
1. Егер: 1) өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу келіп түскен адам Қазақстан Республикасының азаматы болып табылса және Қазақстан Республикасының сұрау салушы тараппен арадағы халықаралық шартында өз азаматтарын ұстап беру (экстрадициялау) көзделмесе;
2) адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салуға негіз болған іс-әрекет Қазақстан Республикасында қылмыс болып танылмаса;
3) ол үшін адамды ұстап беру (экстрадициялау) сұратылған қылмыс Қазақстан Республикасында бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздемесе;
4) өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу келіп түскен адамға Қазақстан Республикасы пана берсе;
5) адамға қатысты нақ сол қылмысы үшін заңды күшіне енген үкім шығарылса немесе іс бойынша іс жүргізу тоқтатылса;
6) адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу алынған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша қылмыстық қудалау бастала алмаса немесе үкім ескіру мерзімдерінің өтуі салдарынан немесе өзге де заңды негіздер бойынша орындауға келтіріле алмайтын болса;
7) өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу келіп түскен адамға, Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген жағдайлардан басқа, сұрау салушы тарапта өлім жазасын, азаптауды қолдану қатеріне ұшырауы мүмкін не оның денсаулығына, өміріне немесе бостандығына нәсілдік белгісі, діни нанымы, ұлты, азаматтығы (бодандығы), белгілі бір әлеуметтік топқа тиесілілігі немесе саяси сенімдері бойынша қауіп төніп тұр деп пайымдауға негіздер болса;
8) адамды осыған байланысты ұстап беру (экстрадициялау) сұратылып отырған іс-әрекет, егер Қазақстан Республикасының сұрау салушы тараппен арадағы халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жекеше айыптау тәртібімен ғана қудаланса;
9) адамды осыған байланысты ұстап беру (экстрадициялау) сұратылып отырған іс-әрекет, егер Қазақстан Республикасының сұрау салушы мемлекетпен арадағы халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша әскери қылмыстарға жататын болса;
10) шет мемлекеттің орталық органы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының талабы бойынша ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу жөнінде шешім қабылдау онсыз мүмкін емес қосымша материалдарды немесе деректерді бермесе;
11) адамды ұстап беру (экстрадициялау) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелеріне қайшы келсе;
12) Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген өзге де негіздер болса, адамды ұстап беруге (экстрадициялауға) жол берілмейді.
2. Егер адамды осыған байланысты ұстап беру (экстрадициялау) сұратылып отырған қылмыс Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның шегінен тыс жерде жасалса, бірақ Қазақстан Республикасының мүдделеріне қарсы бағытталса, ұстап беруден (экстрадициялаудан) бас тартылуы мүмкін.
Ескерту. 590-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
да, можно, но не автоматически — всё зависит от законодательства о закупках и условий конкурсной документации.
Добрый день!
Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей