Ст. 591 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
591-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу бойынша шешім
1. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасары экстрадициялық тексеру материалдарын зерделегеннен кейін шет мемлекетке адамды ұстап беру (экстрадициялау) немесе ұстап беруден (экстрадициялаудан) бас тарту туралы шешім қабылдайды. Бірнеше мемлекеттің адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы талаптары болған кезде адамның қай мемлекетке ұстап берілуге (экстрадициялануға) жататыны туралы шешімді Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасары қаулы нысанында қабылдайды. 2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасары өзінің шешімі туралы шет мемлекеттің орталық органына, сондай-ақ осы шешім өзіне қатысты қабылданған адамға және оның қорғаушысына хабарлайды.
3. Ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешім қабылданған жағдайда, осы адамға қаулының көшірмесі табыс етіледі және қабылданған шешімге Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына шағым жасау құқығы түсіндіріледі.
4. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы қаулы оған шағым жасау мерзімі өткеннен кейін орындауға енгізіледі. Қаулыға шағым жасалған жағдайда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьясының қаулысы заңды күшіне енгізілгенге дейін адамды ұстап беру (экстрадициялау) жүргізілмейді.
Өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешім қабылданған адамның және оның қорғаушысының қатысуы бейнеконференция байланысының техникалық құралдары арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.
5. Шет мемлекетке адамды ұстап беруден (экстрадициялаудан) қылмыстық қудалауды жүзеге асыруды жоққа шығармайтын негіздер бойынша бас тартылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры шет мемлекеттің құзыретті органының өтінішхаты бойынша осы Кодексте көзделген тәртіппен осы адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуді тапсырады.
Ескерту. 591-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
да, можно, но не автоматически — всё зависит от законодательства о закупках и условий конкурсной документации.
Добрый день!
Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей