Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 128 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Қылмыстық Кодексi
128-бап. Адам саудасы

1. Адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмiлелер 

жасасу, сол сияқты оны қанау не азғырып көндiру, тасымалдау, беру, жасыру, алу, сондай-ақ қанау мақсатында өзге де іс-әрекеттер жасау – 

мүлкі тәркіленіп, төрт жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Мынадай: 

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 

2) бiрнеше рет; 

3) өмiрге және денсаулыққа қауiптi күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп; 

4) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып; 

5) кiнәлi адамға жүктiлiк жағдайда екенi көрiнеу белгiлi әйелге қатысты; 

6) екi және одан да көп адамға қатысты; 

7) транспланттау немесе өзге де пайдалану үшiн жәбiрленушiнiң ағзаларын немесе тiндерiн алып қою мақсатында; 

8) алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен; 

9) адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып; 

10) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзге де тәуелдiлiгiн пайдалана отырып; 

11) кінәлі адамға психикасының бұзылуынан зардап шегетіні немесе дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты; 

12) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды алып қойып, жасырып не жоя отырып жасалған; 

13) қанауда босанған және (немесе) өзімен бірге кәмелетке толмаған баласы бар әйелге қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер – 

мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге әкету, 

Қазақстан Республикасына әкелу немесе бiр шет мемлекеттен екiншiсiне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау 

мақсатында жасалған іс-әрекеттер, сол сияқты мұндай іс-әрекеттердi 

жасау мақсатында адамды Қазақстан Республикасының шегiнен 

тысқары жерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе 

бiр шет мемлекеттен екiншi мемлекетке Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау – 

мүлкі тәркіленіп, тоғыз жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды: 

1) қылмыстық топ жасаса; 

2) олар абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, – 

мүлкі тәркіленіп, он екі жылдан он бес жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескертпе. Осы Кодекстің адам саудасына байланысты қылмыстар үшін жауаптылықты көздейтін баптарында жәбірленушінің өзін пайдалануға күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіру, алдау немесе қызметтік жағдайды, жәбірленушінің материалдық немесе өзгедей тәуелділігін пайдалана отырып, сенімін теріс пайдалану, психикасының бұзылуын немесе дәрменсіз күйін пайдалану, жеке басын куәландыратын құжаттарын алып қою, жасыру не жою немесе ықпал етудің өзге де тәсілдері арқылы алынған келісімі қылмыстық жауаптылық пен жазаны жоққа шығаратын негіз болып табылмайды. 

Ескерту. 128-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 05.07.2024 № 111-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...126 127 128 129 130 ...467

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.

Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.

2 500 000 теңге бойынша жағдай

Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.

Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:

“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу

Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”

деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.

Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:

190-бап — алаяқтық

194-бап — бопсалау

214-бап — заңсыз өсімқорлық

389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін


көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться