Ст. 253 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
ҚР Қылмыстық Кодексi
253-бап. Параға коммерциялық сатып алу
1. Коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамға ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге мүлiкті заңсыз беру, сол сияқты оның өзінің қызмет бабын пайдаланғаны үшін, сондай-ақ параға сатып алуды жүзеге асыратын адамның мүдделерiне қызметi бойынша жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшiн оған мүлiктiк сипаттағы қызметтерді заңсыз көрсету – бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бiрнеше рет не адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен не ірі мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп, берілген ақша сомасының немесе берілген мүлік құнының отыз еселенгеннен қырық еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған не аса ірі мөлшерде жасалған іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп, берілген ақша сомасының немесе берілген мүлік құнының қырық еселенгеннен елу еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның ақшаны, бағалы қағаздарды, басқа да мүлiкті заңсыз алуы, сол сияқты өзінің қызмет бабын пайдаланғаны үшін, сондай-ақ параға сатып алуды жүзеге асыратын адамның мүдделерiнде қызметi бойынша жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшін мүлiктiк сипаттағы көрсетiлетін қызметтердi пайдалануы –
мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, берілген ақшаның немесе берілген мүлік құнының он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:
1) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаса;
2) бірнеше рет жасалса;
3) қорқытып алумен ұштасса;
4) iрi мөлшерде жасалса, –
мүлкі тәркіленіп, берілген ақша сомасының немесе берілген мүлік құнының алпыс еселенгеннен жетпіс еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
6. Осы баптың төртiншi немесе бесiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса немесе олар аса iрi мөлшерде жасалса, –
мүлкi тәркiленiп, берілген ақша сомасының немесе берілген мүлік құнының жетпіс еселенгеннен сексен еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертулер.
1. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттердi жасаған адам, егер оған қатысты қорқытып алушылық орын алған болса немесе егер ол құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға параға сатып алушылық туралы өз еркiмен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
2. Бұрын жасалған заңды әрекеттер үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде мүлiктi беру немесе алу, мүлiктiк сипатта қызметтер көрсету немесе мұндай көрсетілетін қызметтердi сыйлық немесе сыйақы ретiнде пайдалану, егер мүлiктiң немесе көрсетілетін қызметтердiң құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын болса, онша маңызды болмауына байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкiмшiлiк тәртіппен қудаланады.
Ескерту. 253-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей