Ст. 313-1 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
ҚР Қылмыстық Кодексi
313-1-бап. Өзін-өзі өлтіруді насихаттау
1. Өзін-өзі өлтіруді насихаттау, яғни осы Кодекстің 105-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар белгілері болмаған кезде шектелмеген адамдар тобында өзін-өзі өлтіруге бару шешімін қоздыру мақсатында ақпаратты кез келген нысанда қасақана тарату –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, бір және одан да көп адамның өзін-өзі өлтіруге оқталуына алып келген іс-әрекет –
бір жылға бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адамның өзін-өзі өлтіруіне алып келген іс-әрекет –
үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 313-1-баппен толықтырылды – ҚР 15.04.2024 № 72-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей