Ст. 41 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
ҚР Қылмыстық Кодексi
41-бап. Айыппұл
1. Айыппұл – осы Кодексте көзделген шекте, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген және қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр санына сәйкес келетiн мөлшерде не пара сомасына немесе құнына, берілген ақша сомасына немесе берілген мүлік құнына, жымқырылған мүлік құнына, алынған кіріс сомасына немесе бюджетке түспеген төлемдер сомасына еселенген мөлшерде тағайындалатын ақшалай өндiрiп алу. 2. Айыппұл қылмыстық теріс қылықтар үшін – айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі шегінде, қылмыстар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден он мыңға дейінгі шегінде не еселенген мөлшерде белгіленеді.
3. Айыппұл тағайындау кезінде сот оның мөлшері мен төлеу мерзімін қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығын, сотталған адамның мүліктік және отбасылық жағдайын, оның жалақы немесе өзге де кіріс алу мүмкіндігін ескере отырып айқындайды.
4. Айыппұл төлеу мерзімі үкім заңды күшіне енген кезден бастап есептеледі және сот үкімі бойынша үш жылдан аспайды.
5. Сотталған адамның жалақысының кешіктірілуіне немесе төленбеуіне, уақытша еңбекке жарамсыздығына, жұмысынан немесе кірісінен айырылуына байланысты мүліктік жағдайы уақытша нашарлаған жағдайда, сот кейінге қалдыруды бір айдан бір жылға дейінгі мерзімге бере алады. Кейінге қалдыру уақыты сот үкімінде белгіленген, айыппұл төлеу мерзімін есептеуге кірмейді.
6. Айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген кезде сот үкімі (қаулысы) мәжбүрлеп орындауға жатады. Айыппұлдың төленбеген бөлігі:
1) қылмыстық теріс қылық үшін сотталғандарға – төленбеген бір айлық есептiк көрсеткiш үшін қоғамдық жұмыстардың бір сағаты есебімен қоғамдық жұмыстарға тартумен не төленбеген төрт айлық есептiк көрсеткiш үшін қамаққа алудың бір тәулігі есебімен қамаққа алумен;
2) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшін сотталғандарға – төленбеген төрт айлық есептік көрсеткіш үшін бас бостандығын шектеудің немесе бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен бас бостандығын шектеумен не бас бостандығынан айырумен;
3) ауыр қылмыс үшін сотталғандарға – төленбеген төрт айлық есептік көрсеткіш үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен бас бостандығынан айырумен;
4) еселенген айыппұлға сотталғандарға төленген және өндіріп алынған айыппұл бөлігін ескере отырып, осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабының санкциясы шегінде бас бостандығынан айырумен ауыстырылады.
7. Аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделгеннен неғұрлым жеңіл жаза тағайындау, аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде, сондай-ақ жазаны ауыстыру кезінде айыппұл мөлшері осы бапта белгіленген ең төменгі шектен төмен болуы мүмкін.
Ескерту. 41-бап жаңа редакцияда - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Читать еще раз
ҚР Қылмыстық Кодексi 77-бап. Айыптау үкiмiнің ескіру мерзімінің өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату ҚР Қылмыстық Кодексi 97-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылғаннан кейiн жаза тағайындау ҚР Қылмыстық Кодексi 21-бап. Абайсызда жасалған қылмыстық құқық бұзушылық ҚР Жер кодексi 102-бап. Жеке қосалқы шаруашылыққа, бағбандыққа, саяжай құрылысына және бау-бақша шаруашылығына арналған жер учаскелерiРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей