Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 102 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.11.2025

ҚР Жер кодексi
102-бап. Жеке қосалқы шаруашылыққа, бағбандыққа, саяжай құрылысына және бау-бақша шаруашылығына арналған жер учаскелерi

Ескерту. 102-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 04.05.2018 № 151-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн жер учаскелерi ауылдық елді мекендердің жерінен берiледi. 

2. Жеке қосалқы шаруашылықты жүргізуге арналған жер учаскесі үй маңындағы және егiстiк телiмдерден тұрады.  

Үй маңындағы телiм ауылдық елді мекендердің шекараларында (шегінде) беріледі және ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес тұрғын үй, шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар тұрғызу, Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамасына сәйкес балық өсіру бассейнін орналастыру үшін пайдаланылады. 

Егістік телім елді мекен аумақтарының жер-шаруашылық орналастыру жобасына сәйкес ауылдық елді мекендердің жерінен не әкімшілік бағынысқа берілген аумақтарда беріледі және балық өсіру бассейндерін пайдаланатын аквашаруашылық өнімін қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін ғана пайдаланылады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілетін жер учаскесі телімінің түрі кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінде және жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжатында көрсетіледі. 

3. Қазақстан Республикасының азаматтарына бағбандықпен айналысу, саяжай құрылысы және бау-бақша шаруашылығы үшiн жер учаскелерi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, ауылдық елдi мекендердiң жерiнен және босалқы жерден берiледi. 

4. Жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге, бағбандықпен айналысуға және саяжай құрылысына арналған жер учаскелерiнiң меншiк иелерi болып табылатын азаматтар ортақ мүдделерiне қарай құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын жай серiктестiктерге, бағбандық немесе өзге де тұтыну кооперативтерiне бiрiгуге құқылы. 

5. Бағбандықпен айналысуға немесе саяжай құрылысына арналған жер учаскелерi Қазақстан Республикасы азаматтарының бөлек меншiгiнде болып, ал жер учаскелерi меншiк иелерiнiң ортақ мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған жер учаскелерi мен басқа да мүлiк олардың ортақ үлестiк меншiгiнде болған жағдайларда, ортақ мүлiкке байланысты меншiк иелерi арасындағы қатынастарға кондоминиум туралы нормалар қолданылады. 

Ескерту. 102-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 04.05.2018 № 151-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2021 № 59-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...100 101 102 103 104 ...171

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.


Добрый день!

Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Если я на испытательном сроке я тоже должна отрабатывать 1 месяц?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться