Ст. 55 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
ҚР Қылмыстық Кодексi
55-бап. Белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындау
1. Егер осы Кодекстің Ерекше бөлігінің адам кінәлі деп танылған бабында немесе бабының бір бөлігінде бас бостандығынан айырудан гөрі онша қатаң емес жазаның негізгі түрі көзделсе, адамды:
1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін соттау кезінде, қылмыспен келтірілген мүліктік залалды адам өз еркiмен өтеген, моральдық және өзге зиянды қалпына келтірген жағдайда;
2) осы Кодекстің 218, 218-1, 248 және 249-баптарында көзделгендерді қоспағанда, экономикалық қызмет саласында қылмыс жасағаны үшін соттау кезінде, қылмыспен келтірілген мүліктік залалды адам өз еркімен өтеген жағдайда, бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.
2. Жасалған қылмыс белгісі ретінде көзделмеген жеңiлдететiн мән-жай болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жазаның негізгі түрінің мерзімін немесе мөлшерін осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында көзделген ең жоғары мерзімнің немесе мөлшердің:
1) қылмыстық теріс қылық, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған кезде – жартысынан;
2) ауыр қылмыс жасаған кезде – үштен екiсiнен;
3) адам өмiрiне немесе денсаулығына қолсұғушылыққа байланысты ауыр қылмыс немесе аса ауыр қылмыс жасаған кезде – төрттен үшiнен;
4) адам өмiрiне немесе денсаулығына қолсұғушылыққа байланысты аса ауыр қылмыс жасаған кезде бестен төртінен асыруға болмайды.
Егер ауырлататын мән-жайлар қылмыстық құқық бұзушылық белгісі ретінде көзделсе, осы бөліктің ережелері қолданылмайды.
3. Жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері бойынша, сондай-ақ процестік келісімнің барлық шарттары орындалған істер бойынша жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазаның негізгі түрінің мерзімін немесе мөлшерін осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген ең жоғары мерзімнің немесе мөлшердің жартысынан, адам өмiрiне немесе денсаулығына қолсұғушылыққа байланысты ауыр қылмыс немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін – төрттен үшiнен, ал адам өмiрiне немесе денсаулығына қолсұғушылыққа байланысты аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бестен төртінен асыруға болмайды. Айыптау үкімі бұйрықты іс жүргізу тәртібімен шығарылған істер бойынша айыппұл қылмыстық теріс қылық жасалған кезде – айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі, онша ауыр емес қылмыс жасалған кезде айлық есептік көрсеткіштің елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде тағайындалады.
4. Іс-әрекеттiң мақсаттары мен себептерiне, кінәлі адамның рөлiне, оның қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезiндегi немесе одан кейiнгi мінез-құлқына байланысты ерекше мән-жайлар және іс-әрекеттiң қоғамға қауiптiлiгi дәрежесiн едәуiр азайтатын басқа да мән-жайлар болған кезде, сол сияқты топтық қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушы топтың жасаған іс-әрекеттерін ашуға белсене жәрдемдескен кезде, осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында көзделген ең төменгi шектен төмен жаза тағайындалуы мүмкiн не соттың жазаның осы бапта көзделгеннен неғұрлым жеңiл түрiн тағайындауы не мiндеттi жаза ретiнде көзделген қосымша жаза түрiн қолданбауы мүмкiн.
5. Жеңiлдететiн жекелеген мән-жайлар да, осындай мән-жайлардың жиынтығы да ерекше мән-жайлар деп танылуы мүмкiн.
6. Осы баптың екінші немесе үшінші бөліктерінде көрсетілген мән-жайлар болған кезде, жаза осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген төменгі шектен төмен тағайындалуы мүмкін.
7. Қылмысқа дайындалғаны немесе оқталғаны үшін жаза тағайындалған жағдайларда, осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген шектер осы Кодекстің 56-бабының ережелері ескеріле отырып айқындалады.
8. Осы баптың ережелері адамды қасақана қазаға ұшыратумен байланысты қылмыс, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған адамдарға, мұндай қылмысты кәмелетке толмаған адам он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаған жағдайды қоспағанда, қолданылмайды.
Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінің ережелері, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қылмысты кәмелетке толмаған адам жасаған жағдайды қоспағанда, мұндай қылмыстарды жасаған адамдарға қолданылмайды.
9. Егер осы Кодекстің Ерекше бөлігі бабының санкциясында өмір бойына бас бостандығынан айырудан басқа, жазаның өзге түрі көзделмесе, онда осы баптың төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда адамға жиырма жылдан жиырма бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалуы мүмкін.
Дәл сол жағдайларда он сегіз жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға он бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза, ал әйелдерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Ескерту. 55-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2024 № 72-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Здравствуйте! В протоколе всё описано верно ,я ехала на разрешающий знак светофора, в меня въехали, ехали на запрещающий знак светофора, но при этом пишут опрашивали меня в качестве нарушителя руководствуясь частью 2 статьи 767 Кодекса РК. нужно ли опротестовать протокол?
Салеметсізбе .Мен Калкешова Асель ерекше баланың анасымын.Баламда Дцп.Мен медсесра болып жұмыс істеймін .Жолдасым екеуіміз ауысып отырып жұмыс істеп отырмыз.Сменамыз бір болып қалды енді осы жерді ауыстырып беріңіз десем,ауыстырмаған .Мені қорғайтын заң барма.
Салеметсізбе. Менің сұрағым ОНКОЛОГИЯ диагнозы бойынша. 2025 апрель айында асқазан онкологиясы 1-стадия диагнозы қойылды. Гистология цитология зерттеу нәтижесі бойынша, асқазанды түгел алып тастау керек деген МДГ комиссияның заключениесі бар. Және қосымша диагноздарда бар: сахар 2-тип, зоб гипотериоз, артериальное гипертензия. Асқазанды түгел алуға келіспедік. Сондада 20.052025 жыл асқазанның ¾ бөлігі яғни 75% асқазан алынып тасталды. Операция жасалып болғаннан қазірге дейін құсу тоқтаған емес. 08.08.2025 жыл Стеноз 1-стадия деген диагноз қойды тағы. Алматыда Сызғанов емханасында 08.09.20250 жылы Баллонное дилатация жасалынды. Бірақ еш көмегі болмады. Сонымен қайта тексеруден кейін 2.12.2025 МДГ комиссия асқазанды түгел алып тастау керек деген қайта заключение берді. Химия, луч әле тағайындалған жоқ. Жалпы жағдай орта. ( құсу тоқтамайды, іш түйіліп ауыру, іш қату, клизма жиі жасалады.) Әледе іздену, тексерілу, емделу үстіндеміз.Апрель айында басталды диагнозбен жүгіру. 2- операция жасалды. Біреуі 04.11.2025 жыл эндоскопиялық операция удаление полипа желудка. Осының бәрін 2025 жыл декабрь айында зорға дәлелдеп 1-жылға ғана 3- топ мүгедектік берді. (Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Тогус-Мед емханасы ФТЭК бөлімі арасында осылай жүгірдік)
Онкология диагнозы диагнозын дәлелдеп, Фтэкке жүгіретін диагноз емес! Диагноз қойылғаннан бастап жаныңмен алысып, өміріңмен күресіп жүгіретін диагноз!
Мысалы жарақат алып аяқ қолы кесілген пациент жарасы жазылса, 10-20-30 жыл қалыпты өмір сүре бере алады. Ал онкопациенттердің өмір сүру ұзақтығы ғылыми медициналық зерттеуде нақты көрсетілген. Статистикасында 5-жыл деп. Ол 5-жыл диагноз қойылады стресс депрессия, операция жасалады постельный режим, химия луч шаш түсет, тағы химия жүдей бастайды. Сонымен көзінің нұры сөніп азып тозып соңы диагноз алып кетеді...
Гистология цитология бар, МДГ комиссия түгел тексеріп, асқазанның жарамсыздығын дәлелдеп отыр. Жұмысқа қабілеттілігі төмен.
Осындай жағдайда нешінші топ мүгедектік берілуі керек?
Менің пікірім: онкодиагноз қойылдыма, 3-лечениенің (операция, химия, луч) біреуі жасалдыма жедел 1 топ мүгедектік беру керек.
advokat.izimova.aktobe ( инстаграм) Изимова Яна Радиковна - адвокат. 8-701-680-11-17
Моему мужу объявили выговор, за просроченный отчет. Что за собой ведет выговор?
У них маленький оклад, и зарплата бонусами и премиями. После выговора его оставят только на окладе?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей