Ст. 103 ҚР Су Кодексi 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ
ҚР Су Кодексi
103-бап. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту жоспары
1. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту жоспары – кемінде он жыл ұзақ мерзімді кезеңге жекелеген елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуды айқындайтын құжат. 2. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту жоспарларын жергілікті атқарушы органдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларына, елді мекендердің бас жоспарларына немесе шағын елді мекендерді дамыту және құрылыс салу схемаларына сәйкес, энергиямен жабдықтау, газбен жабдықтау және жылумен жабдықтау схемаларын, халық санының болжамды өсуін және ауызсумен жабдықтау көздері мен сарқынды суларды жинақтағыштардың болуын ескере отырып әзірлейді.
Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту жоспарын тиісті жергілікті өкілді органдар бекітеді.
3. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту жоспары мыналарды қамтуға тиіс:
1) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің ағымдағы жай-күйін бағалау;
2) орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау мен су бұрудың бұрыннан бар аймақтары;
3) су тұтынудың әртүрлі сценарийлерін ескере отырып, ауызсу мен техникалық суды тұтынудың болжамды баланстары, сарқынды сулардың көлемі мен құрамы;
4) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін бұрыннан бар және жоспарланып отырған орналастыру карталары (схемалары);
5) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытудың негізгі бағыттары, нысаналы индикаторлары мен нәтижелерінің көрсеткіштері;
6) су үнемдеуді ескере отырып, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау, жаңғырту, күрделі жөндеу жөніндегі іс-шаралар жоспары;
7) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;
8) қаржыландыру көздері мен көлемдері туралы ақпарат.
4. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту жоспары орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне жүргізілген техникалық аудиттің қорытындысы бойынша әзірленеді.
Лучшие юристы





Статьи 212 часть 1 и 212 часть 2 противоречат друг другу, в связи с чем недобросовестные нотариусы оформляют фиктивные сделки. Акт дарения фактически является сделкой по отчуждению, ограничивающая действия по отчуждению без согласия всех собственников в общедолевой собственности. Этим пользуются недобросовестные наследники и нотариусы.
госслужба в казахстане погрязла в коррупций клановая система, брат, сват, агашка,
татешка, кум, кума и т.д.т.п.
Статья 10 в старой редакции. Как может быть проверенно 25.05.2025. Таким образом люди вводятся в заблуждение.
в законе написано что он утратил силу. где найти другой закон, не утративший силу? зачем вообще я читаю законы, которые утратили силу?
Срок предоставления ответа 5 дней проверьте изменение
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей