Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 104 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.09.2024

ҚР Су Кодексi
104-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын гидроэнергетика үшiн пайдалану

1. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын гидроэнергетика үшiн пайдалану бассейндік инспекциямен және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен, ал сел қаупi бар аудандарда - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша экономиканың басқа салаларының мүдделерiн, суларды кешендi пайдалану және оларды қорғау талаптарының сақталуын ескере отырып, арнайы су пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады.  

2. Су объектiлерiндегi гидроэнергетикалық және гидротехникалық құрылыстарды пайдаланатын ұйымдар:  

1) ауызсумен жабдықтау басымдығын сақтай отырып, су қоймаларын толтырудың және босатудың белгiленген режимiн;  

2) өзендердiң жайылмалары мен атырауларында балық ресурстарын сақтау және ұдайы молайту үшiн шешушi маңызы бар өзендер мен су қоймаларының учаскелерiндегi балық шаруашылығының қажеттiлiгiн;  

3) кемелер мен салдардың кедергiсiз өтiкiзiлуiн;  

4) белгiленген табиғат қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық және авариялық су жiберулерiнiң жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.  

3. Егер су қоймаларын толтыру және босату нәтижесiнде туындаған су объектiлерi табиғи деңгейiнiң өзгеруi салдарынан жеке және (немесе) заңды тұлғаларға зиян келтiрiлсе, кiнәлiлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны өтеуге мiндеттi.  

Ескерту. 104-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2015 № 322-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

20-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын көлік, ағаш ағызу және өртке қарсы мұқтаждар үшін пайдалану

Статья 1 ...102 103 104 105 106 ...146

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.

Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192



Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?


здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.


Добрый день!

Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться