Ст. 105 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481
ҚР Су Кодексi
105-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын көлiк және ағаш ағызу үшiн пайдалану
1. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының жер үстi су объектiлерi, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берiлген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады. 2. Алып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Су объектілерін кеме қатынасы санатына жатқызу тәртібін және кеме қатынасы су жолдарының тізбесін бекітуді су көлігі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. Кеме қатынасы үшiн пайдаланылатын су объектiлерiнде кеме жетегiнсiз ағаш ағызуға тыйым салынады. Су объектiлерiнде күйелi ағаш ағызуға тыйым салынады. Ағаш ағызуды жүзеге асыратын ұйымдар су объектiлерiн батып кеткен ағаш сүрегiнен үнемi тазартып отыруға мiндеттi. Ағаш ағызу үшiн пайдаланылатын су объектiлерiнiң тiзбесiн және оларды тазарту тәртiбiн бассейндік инспекциямен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келісу бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.
5. Су объектiлерiн шағын көлемдi кемелерде жүзу үшiн, сондай-ақ әуе кемелерiнiң ұшып шығуы (қонуы) үшiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Кеме қатынасына, ағаш ағызуға, әуе кемелерiнiң ұшып шығуына (қонуына) арналған су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану кезiнде су пайдаланушылар:
1) суды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етуге;
2) кеме қатынасын реттейтiн органдардың талаптарын орындауға;
3) су объектiлерiне шаруашылық-тұрмыстық қалдықтардың және ластайтын заттардың ағызылуына жол бермеуге;
4) су объектiлерiнiң және су шаруашылығы, гидротехникалық және басқа да құрылыстардың арналары мен жағалауларының бұзылуына жол бермеуге;
5) басқa жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын бұзбауға мiндеттi.
Ескерту. 105-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Читать еще раз
ҚР Қылмыстық Кодексi 208-бап. Ақпаратты құқыққа сыйымсыз иеленіп алу О лицензировании Кодекс РК О браке (супружестве) и семье Статья 34. Владение, пользование и распоряжение общим имуществом супругов Кодекс РК О браке (супружестве) и семье Статья 28. Последствия признания брака (супружества)недействительным Кодекс РК О браке (супружестве) и семье Статья 24. Последствия прекращения брака (супружества)Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей