Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 133 ҚР Су Кодексi 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.06.2025

ҚР Су Кодексi
133-бап. Өтпелі ережелер

1. Су объектілеріндегі бөгеттердің меншік иелері (иеленушілері) меншік нысанына қарамастан, осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде осы Кодекстің 71-бабының 1-тармағында көзделген құжаттардың болуын қамтамасыз етуге міндетті. 

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердегі елді мекендердің шекаралары (шектері) шегінде жерүсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын белгілеуге міндетті. 

Осы Кодекстің 87-бабына сәйкес айқындалған шекаралар осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекаралары белгіленгенге дейін елді мекендердің шекаралары (шектері) шегіндегі жерүсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекаралары деп танылады. 

3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде мемлекеттік жер кадастрының деректерін жерүсті су объектілерінің белгіленген су қорғау аймақтары мен белдеулерімен сәйкес келтіруді қамтамасыз етуге міндетті. 

4. Осы Кодекстің 86-бабы 2-тармағының күші су қорғау белдеулерінің шекаралары шегінде тұрғызылған және 2009 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген ғимараттар мен құрылысжайларға немесе осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін берілген, беру кезінде су қорғау белдеулері белгіленбеген жер учаскелеріне қолданылмайды. 

Бұл ретте ұйымдастырылған орталықтандырылған кәріз, ластанған сарқынды суларды бұру мен тазартудың өзге жүйесі немесе ішіндегісін шығаруды қамтамасыз ететін су өткізбейтін күресіндердің құрылғылары болған кезде ғана оларды пайдалануға жол беріледі. 

5. Айналымды және (немесе) қайталама сумен жабдықтау жүйелері жоқ өнеркәсіптік ұйымдар мен жылу өндіретін субъектілер осы Кодекстің 123-бабының 2-тармағында көзделген міндетті іске асыру үшін осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жылдан кешіктірмей көрсетілген жүйелерге ауысу жоспарын беруге міндетті. Бұл ретте жоспарды іске асыру мерзімі бес жылдан аспауға тиіс. 

6. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған, мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдау (жалға беру) немесе сенімгерлік басқару шарттары 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Кодекстің 13-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келтірілуге тиіс. 

7. Жерүсті су объектілерінде және су қорғау белдеулері шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге осы Кодекстің 86-бабында белгіленген тыйым салу "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 277-бабының 3-тармағына және 278-бабының 25-тармағына сәйкес "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін берілген және жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар мен келісімшарттар негізінде жүргізілетін, оның ішінде жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшкен жағдайда (жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу), пайдалы қатты қазбалар (оның ішінде, кең таралған пайдалы қазбалар) бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға қолданылмайды. 

Бұл ретте жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар Қазақстан Республикасының экология және су заңнамаларының талаптарына сәйкес жүргізілуге тиіс. 

8. Осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін алынған рұқсаттар мен келісімдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдарының олармен байланысты барлық актілері олар берілген және алынған мерзім өткенге дейін өз қолданысын сақтайды.

Статья 1 ...131 132 133 134

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?




Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?


Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться