Ст. 135 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481
ҚР Су Кодексi
135-бап. Су шаруашылығын, сумен жабдықтауды және су бұруды мемлекеттiк қолдаудың түрлерi және су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегiинвестициялық саясаттың қағидаттары
Ескерту. 135-баптың тақырыбы өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2015 № 322-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Су шаруашылығын, сумен жабдықтауды және су бұруды мемлекеттiк қолдаудың негiзгi түрлерi:
1) су шаруашылығы жүйесiнiң мемлекеттiк мекемелерiн ұстау;
2) су беруге байланысты емес трансшекаралық су шаруашылығы құрылыстарын және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөнiндегi шығындарды қаржыландыру;
3) ерекше авариялық қаупi бар су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердi қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру;
3-1) бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының су қоймаларын, каналдары мен гидротехникалық құрылысжайларын дамытуға мемлекет кепілдігімен тартылған қарыздар бойынша өтеу, оларға қызмет көрсету және қоса қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жабуға бюджеттен субсидия беру және субсидия төлеу;
4) су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердiң жаңаларын салуға және қазiр барларын қайта құруға қаржы ресурстарын, оның iшiнде қарыз қаражаттарын тарту;
5) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын тиісінше уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша субсидиялау;
5-1) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды өтеусіз және қайтарымсыз негізде субсидиялау;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су шаруашылығы субъектiлерiне, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға жеңiлдiктi және ұзақ мерзiмдi кредиттер мен басқа да артықшылықтар беру;
7) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру;
7-1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау;
7-2) суарудың су үнемдейтін технологияларын ендіруге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау болып табылады;
8) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау, суармалы жерлерді гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігі жөніндегі инвестициялық саясаттың негiзгi қағидаттары:
1) қайтарымды негiзде орталықтандырылған инвестициялардың есебiнен су саласын дамытуды мемлекеттiк қолдау;
2) инвестициялық су шаруашылығы қызметiнде пайдалану үшiн ұйымдардың өз көздерiнiң рөлiн арттыруды ынталандыру;
3) қарыздарды, оның iшiнде мемлекет кепiлдiктерiн тарту практикасын кеңейту;
4) инвестицияларға бағытталған бюджет қаражатын жұмсауды мемлекеттiк бақылау болып табылады.
3. Су шаруашылығын мемлекеттiк қолдау және су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi, сондай-ақ пайдаланылмайтын және қайта қалпына келтіруге жатпайтын мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын жою жөніндегі инвестициялық саясат Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 135-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), 2006.01.10. № 116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.02.12. № 132-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2015 № 322-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.01.2021 № 411-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.03.2025 № 175-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Читать еще раз
Кодекс РК О браке (супружестве) и семье Статья 28. Последствия признания брака (супружества)недействительным Кодекс РК О браке (супружестве) и семье Статья 24. Последствия прекращения брака (супружества) ҚР Су Кодексi 105-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын көлiк және ағаш ағызу үшiн пайдалану ҚР Су Кодексi 126-бап. Су объектiлерiнде және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде жұмыстар жүргiзу ҚР Орман кодексi 103-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман биоқауымдастықтарының гендiк қорын пайдалануРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей