Ст. 134 ҚР Су Кодексi 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ
ҚР Су Кодексi
134-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Кодекс 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 9-бапты, 39-баптың 3-тармағын, 40-баптың 2 және 3-тармақтарын, 45-баптың 4-тармағының 7) тармақшасын және 7-тармағын, 87-бапты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Кодекстің 25-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшалары 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
3. Осы Кодекстің 46-бабы 3-тармағының қолданысы 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, осы тармақ тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"3. Бассейндік су инспекциялары минералды жерасты суларын қоспағанда, суды тәулігіне елу текше метрден астам алып қою көлемімен жерасты суларын алуды және (немесе) пайдалануды көздейтін рұқсат беру үшін құжаттарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы су пайдалану талаптарын келісу үшін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне сұрау салу жібереді.
Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері бес жұмыс күні ішінде бассейндік су инспекцияларына жерасты суларының бекітілген баланстық қорларының болуы немесе болмауы бөлігінде сұрау салуға оң не теріс қорытынды ұсынуға міндетті.
Жерасты суларының бекітілген баланстық қорлары болмаған және суға мәлімделген қажеттілік тәулігіне елу текше метрден астам болған жағдайда, келісу пайдалану тәжірибесі бойынша жерасты суларының қорын бағалау және сараптама жүргізу мақсатында, берілген рұқсат шеңберінде мониторингтік зерттеулер жүргізу шартымен үш жылға дейінгі мерзімге беріледі.".
4. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Лучшие юристы





2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?
Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей