Ст. 112 Неке және отбасы туралы
Действующий аналог
ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралыНеке және отбасы туралы
112-бап. Баланың қорғаншысының (қамқоршысының) құқықтары
мен мiндеттерi
1. Баланың қорғаншысы (қамқоршысы) қорғаншылығындағы (қамқоршылығындағы) баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығына, дене, психикалық, адамгершiлiк және рухани дамуына қамқорлық жасауға құқылы және мiндеттi.
Қорғаншы (қамқоршы) баланың пiкiрi мен қорғаншы және қамқоршы органның ұсыныстарын ескере отырып, сондай-ақ осы Заңның 64-бабында көзделген талаптар сақталған жағдайда қорғаншылығындағы (қамқоршылығындағы) баланы тәрбиелеудiң әдiстерiн дербес белгiлеуге құқылы.
Қорғаншы (қамқоршы) баланың пiкiрiн ескере отырып, ол орта бiлiм алғанға дейiн балаға бiлiм беру мекемесi мен оқытудың нысанын таңдауға құқылы және баланың орта бiлiм алуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Қорғаншы (қамқоршы) қамқоршылығындағы (қорғаншылығындағы) баланы өздерiнде заңды негiздерсiз ұстап отырған кез келген адамнан, соның iшiнде баланың жақын туыстарынан қайтарып берудi сот арқылы талап етуге құқылы.
3. Баланың өз ата-аналарымен және басқа жақын туыстарымен қарым- қатынас жасауына, мұндай қарым-қатынас баланың мүдделерiне сай келмеген жағдайларды қоспағанда, бөгет болуға қорғаншының (қамқоршының) құқығы жоқ.
4. Қамқорлыққа алынушылар, балалар немесе емдеу мекемелерiнде тәрбиеленуде немесе емделуде болған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың қорғаншылары мен қамқоршылары өздерi қамқорлыққа алғандармен бiрге тұруға мiндеттi. Қамқоршының он алты жасқа толған қамқоршылыққа алынушыдан бөлек тұруына, бұл қамқоршылыққа алынушының тәрбиесiне және оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауға қолайсыздық туғызбайтын жағдайда, қорғаншы және қамқоршы органның рұқсатымен жол берiледi.
Қорғаншылар мен қамқоршылар тұрғылықты жерiнiң өзгеруi туралы қорғаншы және қамқоршы органдарға хабарлап отыруға мiндеттi.
5. Қорғаншы кемiнде жылына бiр рет қорғаншы және қамқоршы органға қамқоршылыққа алынушының денсаулық жағдайы туралы және оны тәрбиелеу жөнiндегi, сондай-ақ оның мүлкiн басқару жөнiндегi жұмыс туралы есеп берiп отыруға мiндеттi.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
Неке және отбасы туралы 13-бап. Некеге тұру тәртiбi Неке және отбасы туралы 21-бап. Некенi бұзу туралы шешiм шығару кезiнде сот шешетiн мәселелерРекомендованные страницы
ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 122-бап. Қорғаншылар немесе қамқоршылар Тұрғын үй қатынастары туралы 31-бап. Кондоминиумды құру, мемлекеттік тіркеу және тоқтату ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 121-бап. Қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу Банкроттық туралы 19-бап. Борышкердiң өтiнiшiне қоса берiлетiн құжаттар Неке және отбасы туралы 114-бап. Қамқоршылыққа алынушының мүлкiне билiк етуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей