Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 46 Неке және отбасы туралы


Утратил силу

Неке және отбасы туралы
46-бап. Баланың туу тегiн белгiлеу

1. Баланың анасы жағынан тегiн (анасы болуын) ананың медициналық мекемеде бала туғанын растайтын құжаттар негiзiнде, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда - медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерiнiң немесе өзге де айғақтардың негiзiнде азаматтық хал актiлерiн жазу органы белгiлейдi. 2. Бiр-бiрiмен некеде тұратын адамдармен туған баланың туу тегi ата- анасының неке туралы жазбасымен куәландырылады.

Бала неке бұзылған, оны жарамсыз деп таныған кезден бастап немесе бала анасының жұбайы қайтыс болған кезден бастап екi жүз жетпiс күн iшiнде туған жағдайда, егер өзгеше дәлелденбесе, анасының бұрынғы жұбайы баланың әкесi болып танылады. 3. Егер баланың анасы баланың әкесi өзiнiң жұбайы (бұрынғы жұбайы) емес деп мәлiмдесе, баланың әкесi осы баптың 4-тармағында немесе осы Заңның 47-бабында көзделген ережелер бойынша белгiленедi. 4. Баланың анасымен некеде тұрмайтын адамның әке болуы баланың әкесi мен анасының азаматтық хал актiлерiн жазу органына бiрлесiп арыз беруi жолымен; анасы қайтыс болған, ол әрекетке қабiлетсiз деп танылған, анасының тұратын жерiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайларды немесе ол ата-ана құқығынан айырылған жағдайда - қорғаншы және қамқоршы органның келiсiмiмен бала әкесiнiң арызы бойынша, мұндай келiсiм болмаған жағдайда - сот шешiмiмен белгiленедi.

Әке болуды анықтау туралы бiрлесiп арыз беру бала туғаннан кейiн мүмкiн емес немесе қиын деп ұйғаруға негiз беретiн мән-жайлар болған кезде болашақ баланың бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын ата-анасы анасы жүктi болған кезде азаматтық хал актiлерiн жазу органына сондай арыз беруге құқылы. Баланың ата-анасы туралы жазба бала туғаннан кейiн жасалады.

Егер анасының күйеуi емес еркектiң әке екендiгi анық болып шықса, анасы босанғанға дейiнгi және босанғаннан кейiнгi кезеңдердiң iшiнде өзiн асырау жөнiндегi шығындарға одан тиiстi ақша қаражатын сот тәртiбiмен талап етуге құқылы. Ақша қаражатының мөлшерiн тараптардың материалдық, отбасылық және назар аударуға тұрарлық басқа да мүдделерiн негiзге ала отырып, ақша қаражатын төлеу кезiнде қолданылып жүрген есептiк көрсеткiштiң еселенген арақатынасымен сот белгiлейдi. 5. Он сегiз жасқа (кәмелетке) толған адам жөнiнде әке болуды белгiлеуге оның келiсiмiмен ғана, ал егер ол әрекетке қабiлетсiз деп танылған болса - оның қорғаншысының немесе қорғаншы және қамқоршы органның келiсiмiмен ғана жол берiледi.

Статья 1 ...44 45 46 47 48 ...213

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться